Жиырмасыншы жүзжылдықтағы орыс ұлтының негізгі белгілері

Ұлттық сипаттағы зерттеулердің көпшілігінің үш негізгі кемшілігі бар. Біріншіден, ұлт немесе ұлттық мінез дегенде не ұғынылатынын анықтамайды немесе өте үстірт анықтайды /1/. Екіншіден, олар индивидтердің қарапайым «автоматты» жиынтығы мен біріккен (күрделі) әлеуметтік және мәдени жүйелер арасында болатын терең айырмашылықты теріске шығарады. Зерттеулердің көпшілігі ұлттармен емес, индивидтермен − оларды қандай да бір басқа топпен (жыныстық, нәсілдік, территориалдық, экономикалық, білім берушілік) салыстыра отырып, немістермен, француздармен, банту немесе африкандықтармен жұмыс істейді. Әрқашан болмаса да, көбіне салыстырылатын индивидтер жиынтығы әрбір топтың репрезентативті үлгісі ретінде қарастырылады 11 . Жекелеген индивидтерге, әсіресе олар репрезентативті таңдалмаған жағдайда, төн белгілер ешқандай жағдайда да біріккен топқа (біздің жағдайымызда − ұлтқа) тән белгілермен немесе, керісінше, бірдей бола алмайды. Судың қасиеттері жекелей алғандағы сутегінің және оттегінің қасиеттерінен ерекшеленеді емес пе. Қосалқы бөлшектерге ыдыраған автомобильдің қасиеттері күрделі жүйе ретіндегі жинақталған автомобильдің қасиеттерінен айрықшаланады. Жүйе ретіндегі адам ағзасының қасиеттерін тірі ағзадан жұлып алынған тек оның жекелеген органдары немесе жасушалары арқылы тани алмайсың. Күрделі әлеуметтік немесе мәдени жүйелерді олардың компоненттері — индивидтермен салыстырғанда да солай деп айтуға болады. Ұлт, ұлттық белгілер мен мінездер мәселелері бойынша зерттеулердің басым көпшілігінің үшінші маңызды кемшілігі ұлттарды және өзге әлеуметгік­мәдени жүйелерді, жүйелердің өзімен салыстыратын, осы жүйелердің индивидуалды компоненттерінің «әрекеттерінің» қарапайым фрагментіне редукциялаумен сипатталады. Ұлттық зерттеулердің нысандары ретінде істің түкке тұрмайтын қырларын зерттеу негізіңде, мысалы, «балаларды орау» /4/, «оральды» немесе «анальды» тип, тұлғаның «гениталды» құрылымы; немесе «интеллектуалдылыққа деген тест», «жобалаушы тест» деген сияқты «тестке қабілеттілігі» күмәнді және ғылыми дәлелденбеген 22 «тестоманияның» әр алуан түрлерімен айналысушылықтың негізінде ұлттық мінездің ақылға қонбайтын анықтамалары тамыр жайып кетті. Өкінішке орай, ұлттық сипаттағы (ұлттық белгілердегі) көптеген зерттеулер осындай сауалнамаларға немесе жекелеген индивидтерден сұхбат алуға негізделеді. Қылықтың кесіндісі немесе сөз реакциясының негізінде бұл зерттеушілер бүтін бір ұлттың кескінін салудан, оның ұлттық мінезін бейнелеуден қымсынбайды. Бұл типтегі «ұлттық мінезді зерттеулердің» лайық еместігінің күмәнсіздігі соншалық, бұл «әдістерді» одан ары қосымша сынаудың өзі артық.

Тіпті жекелеген индивидтің өзін зерттеудің дәйектілігі оның ағзасын зерттеуден басқа, сондай­ақ оның интеллектуалдық ұйымдасуын (идеологиялық мәдениетін), ол қолданатын белгілі бір еңбек құралдарын, ол өзі өмір сүретін, әрекет ететін, жұмыс істейтін материалдық ортасы мен бүтіндей алғанда жүріс­ тұрыс қылықтарының ерекшеліктерін зерттеуді талап етеді, ол сондай­ақ оның өзге адамдармен өзара әрекетінде қолданатын биофизикалық құралдарын тануды да талап етеді. Және де оның үстіне, индивидтердің жиынтығының жүріс­тұрыс кесінділерінен қандай да бір күрделі топтың, оның ішінде ұлттың мінезін дәл анықтау, − немесе олардан ғылым, философия, дін, құқық, өнер және т.б. сияқты мәдени жүйелерді шығару мүмкін емес. Бұл жүйелердің әрқайсысы өздерінің индивидуалдық компоненттерінен басқа, мына нәрселерге ие болады: 1) мән­мағыналар, құндылықтар мен нормалар жүйесі, солардың арқасында және соларды жүзеге асырудың негізінде ғана берілген жүйе өмір сүреді; 2) әрекеттердің рұқсат етуші және тыйым салушы параметрлерінің жиынтығы, сол арқылы жүйенің құндылықтары, мәндері мен нормалары эмпирикалық әлемде іске асады және объективтендіріледі (бұл жиынтық мұндай жүйенің жүріс­тұрыс тарихын драмалық оқиғалармен және үдерістермен жиі толықтырады); 3) оның қызмет етуі мен сабақтас дамуы үшін қажет материалдық құралдардың қандай да бір жиынтығы: ғимараттар, құралдар мен ресурстар, физикалық территория мен тұрғылықты мекеннен бастап, фабрикалармен, қалалармен, ауылдармен және топтың немесе мәдени жүйенің басқа да материалдық құралдарымен аяқталады. Мемлекет­ жүйе ретіндегі Құрама Штаттар да, діни ұйым ретіндегі римдік католиктік шіркеу де, индустриалдық жүйе ретіндегі «Дженерал Моторс» та, мәдени жүйе ретіндегі ғылым да өздерінің құрамдас элементтерінің қылықтарының кесінділерін зерттеуге теңгеріле алмайды. Ұлтқа қатысты да осылай айту тура болады. Орыс ұлтына арналған бұл эсседе мен оны ерекше әлеуметтік­мәдени жүйе ретінде қарастыруға және оның кейбір мәнді белгілері мен олардың XX ғасырдағы өзгерістерін айқындауға тырысамын. Sui generis әлеуметтік /5/ жүйе ретіндегі ұлт дегеніміз не? Бүге­шүгесіне дейін талдауға бармай­ақ , ұлтты ең болмағанда өзінің өмір сүруі мен тұтастығын сезінетін көп байланысты (көп функционалды), ынтымақты, жартылай жабық әлеуметтік­мәдени топ деп тұжырымдауға болады. Бұл топ индивидтерден тұрады, олар: 1) бір мемлекеттің азаматтары болып табылады; 2) ортақ немесе ұқсас тілі және осы индивидтер мен олардың алдындағылардың жалпы өткен тарихынан туындайтын мәдени құндылықтарының ортақ жиынтығы болады; 3) өздері тұратын және олардың бабалары тұрған ортақ территорияны иеленеді /6/. Сонымен бір мезгілде, ұлт мемлекеттен, сондай­ақ этникалық (тілдік) және территориалдық топтардан айрықшаланатын әлеуметтік жүйе болып табылады. Азаматтары әртүрлі тілдерге (этникалық және ұлттық) жатқызылатын көптеген мемлекеттер болды, мысалы, Бельгия, Түркия, Британ империясы, Австрия, Үндістан, Ресей, көптеген афро­азиаттық мемлекетгер.

Читайте также:  Елдік пен ерлік жолында немесе жыраулар мұрасына көзқарас

Мұндай этникалық топтардың көпшілігі «егеменді мемлекеттер» ешқашан болмаған және қазір де болмай отыр. Дәл осылайша мыңдаған территориалдық қауымдар (ауылдар, қалалар, графтықтар, провинциялар және өзге территориалдық бірлестіктер) не мемлекет емес, не гомогенді тілдік (этникалық) топтар емес күйінде өмір сүріп отыр. Аталған үш түзілімнің әрқайсысы басқасынан өзгешеленетін ерекше әлеуметтік топты білдіреді (ал барлық үшеуі мемлекетті құрайды), оның үстіне, жоғарыда көрсетілгендей, мемлекет, сондай­ақ тілдік және территориалдық әлеуметтік жүйелер көп байланысты топ sui generis ретінде ұлттан айрықшаланады. Мемлекеттің азаматтары мүдделерге, құндылықтарына, құқықтары мен міндеттеріне сәйкес немесе олардың бір мемлекетке ортақ тиесілігімен анықталатын мемлекеттік байланыстарына сәйкес бір мемлекет­жүйеге бірігеді. Тілдік (этникалық) топтың өкілдері де өздеріне дейінгілердің қалыптастырып жасаған ортақ тілі мен мәдени құндылықтары, сондай­ ақ өздерінің біріккен әрекеті мен тарихи тәжірибесі бар бір этникалық топқа тиесілігінен туындайтын және мемлекеттің ішіндегі байланыстардан айрықшаланатын ортақ мүдделермен, құндылықтармен, құқықтармен немесе этникалық байланыстармен қабысқан этникалық тұтастыққа осылайша бірігеді. Кейде бір ғана этникалық топтың мүшелері азаматтық белгілері бойынша әртүрлі мемлекеттерге ажырап кететін жағдайын есімізге алар болсақ, мемлекеттік және этникалық­топтық мүдделердің, құндылықтар мен байланыстардың айырмашылығы түсінікті болып шығады; оның үстіне көп ұлтты мемлекеттің азаматшылығын екі немесе онан көп ұлттық тілдік топтар құрайды. Уақыт өте келе мемлекет пен тілдік топтың мүдделері мен құндылықтары алшақтауы мүмкін, бұл жағдай не соңғыларының мүдделерін мемлекеттің басып тастауына, не антогонистік көңіл күйдегі этникалық топтың мемлекеттің іргесін бұзып, өзінің жеке мемлекеттік бірлестігін құруға әкеледі. Этникалық азшылық топтарды басып тастайтын мемлекеттердің тарихы, тілдік топтардың мемлекетке бірігу тарихы, сондай­ақ бұл бірлестіктердің жіктелу, біртүтас азаматтықтың әртүрлі мемлекеттердің азаматтықтарына ыдырау тарихы − осының барлығы мемлекет пен тілдік топтардың мүдделері, құндылықтары және ұмтылыстары арасындағы қақтығыстың айқын дәлелі болып табылады. Территориалдық топтардың мүдделері, құндылықтары мен байланыстары да мемлекеттің және этникалық топтардың мүдделерінен ерекшеленеді. Индивидтердің территориалдық жақындығы, тіпті олардың әртүрлі мемлекетке және этникалық топтарға жатқандарына қарамастан, барлық көршілер арасындағы ортақ мүдделер мен құндылықтардың жиынтығын тудырады. Әдетте барлық көршілер ауа мен судың ластанбауына, су тасқынының, жер сілкінісінің, дауылдың, эпидемияның, қылмыстың, өрттің және басқа табиғи да, әлеуметтік те зобалаңдарына ұрынбауға мүдделі. Сондықтан да территориалдық жақындықты мемлекеттің және ұлттардың (тілдік топтардың) бекітетін байланыстарынан ерекшеленетін өздерінің жеке байланыстары бар көршілік популяцияны құрайтыны түсінікті. Ұлт, жоғарыда көрсетілгендей, бұл үш жүйеден де айрықша әлеуметтік жүйе болып табылады. Тек индивидгердің тобы бір мемлекетке тиесілі болып, ортақ тілмен жөне территориямен байланысса ғана − ол шындығында ұлтты құрайды.

Ұлт мемлекетпен, этникалық және территориалдық байланыстармен қабысқан және біріккен көп байланысты әлеуметтік ағза болып табылады. Егер белгілі бір мемлекетке, территориалдық немесе тілдік топқа тиіселік тұлғаның санасына, жүріс­тұрысына және бүкіл құрылысына толық сезілетіндей ықпал етіп, өз ізін қалдыратын болса, ал нақты ұлтқа деген тиесілік бір бүтін тұтастыққа байланысқан бірден барлық үш топ тарапынан болатын қысымның арқасында өзінің индивидуалдық өкілдерін барынша батып әрі қуатты түрде қалыптастырады. Бұл қысқа пайымдаулар ұлт және сонымен байланыстағы «ұлттық» категориясының мәнін оларды мемлекетпен, этникалық немесе территориалдық топпен теңгеріп түсіндіретін көптеген теориялардың жалғандығын көрсетеді. Мұндай теңгерудің кемшіліктерінің арасындағы анағұрлым қомақтысы ұлттың sui generis өзіндік көп байланысты топ ретінде мойындамай теріске шығарылуы болып табылады. Бұл тек мұндай теориялардың осы үш өзара байланысты топтардан айрықша бұл күрделі топты әлеуметтік­мәдени әлемде дифференцияламайтындығымен ғана емес, сонымен қатар, бұл көп байланысты топтың мейлінше құдіреттілігімен және аса маңызды тарихи рөл, әcipece, XIX және XX ғасырларда рөл ойнайтынын ескермеуімен де салмақты қателік болып саналады. Ұлттар өзінің үлкен империяларымен және кең қоғамдық таптарымен қатар, қазіргі уақытта әрекеті мен саясаты тарихи үдерістердің барысын, миллиондаған адамдардың өмірі мен тағдырын мейлінше толық әсермен айқындайтын барынша құдіретті әлеуметтік жүйелер болып табылады. Осы құдіретті әлеуметтік жүйелермен өзара әрекетінде кей кездері көпұлтты мемлекеттерді «ұлттық» бөліктерге ыдырату (мысалы, Австрияны немесе Британ империясын), жаңа мемлекеттер құру (мысалы, Польша, Чехословакия және өзгелері) ұлттардың қолынан келді. Оның үстіне, таптар мен ұлттардың қақтығысында ұлтшылдықтың кейде әлеуметтік­таптық мүдделер мен тап күресінің ыдыраңқы үрдістерінен басым түскен кездері болды. Мұқият қадағалайтын аңғарымпаз бүгінгі күні тарихи оқиғалардың барысын анықтаудағы, ұлттық күштер мен қозғалыстардың таптарға, үлкен және кіші империяларға немесе мемлекеттерге қарсы күресіндегі ұлттың орасан зор рөлін оңай көре алады. Осы көптеген әр алуан қақтығыстар мен бірігулердің нәтижелері біздің әрқайсысымыздың дерлік «өмірімізді, еркіндігімізді, бақытқа деген ұмтылысымызды» және тағдырымызды айқындайтыны анық сезіліп отыр. Өткен және бүгінгі жүзжылдықтардағы орыс ұлтының негізгі белгілері Орыс ұлты дегенде менің революцияға дейінгі Ресей империясын да, қазіргі замандағы Кеңес мемлекетін де, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын да ұғынбайтынымды алдыңғы параграфтардан түсінуге болады. Орыс ұлты орыс халқының негізгі үш бұтағынан − великоростардан, украиндықтардан және белорустардан, сондай­ақ революцияға дейінгі Ресей империясының және қазіргі Кеңес Одағының құрамына енген «орыстанған» және сіңіп кеткен этникалық топтардан құралады /7/. Ресей немесе Кеңес мемлекетінің құрамына бұрын енген және қазір еніп отырған барлық өзге орыс емес этникалық немесе территориалдық топтар орыс ұлтына жатқан жоқ және жатпайды да. Бұл айғақ Кеңес мемлекетінің ресми құрылымынан да айқын әрі анық аңғарылады. Ол тек Ресей, Украин және Белорус социалистік республикаларының ғана емес, сонымен қатар Эстон, Латвия, Литва, Молдавия, Әзірбайжан, Грузин, Армян, Қазақ, Өзбек, Түркімен, Тәжік және Қырғыз социалистік республикаларының, сондай­ақ коми, чуваш, башқұрт сияқты кейбір өзге орыс емес автономиялық этникалық топтардың жөне басқа автономды аймақтық топтардың одағын құрайды. 1926 жылғы санаққа сәйкес, Кеңес Одағында 194 әртүрлі ұлттар (этникалық топтар) тұрса, ал 1959 жылғы санақ бойынша олардың саны әкімшілік мақсаттарда − 108 әртүрлі тілдік топтарға дейін азайтылды. Орыс емес ұлттардың едәуір бөлігі «орыстанып» және ассимиляцияланып үлгерді: 1959 жылғы санаққа сәйкес осы этникалық топтардың 2­ден 80 пайызға дейінгі тұрғындары орыс тілін өздерінің ана тілі деп есептеді. Сондықтан да орыс емес этникалық топтардың «орыстанған» бөлігі орыс ұлтының бір бөлігі ретінде санала алады . Орыс ұлты көрсетілген мағынада IX жүзжылдықтың ортасында Орыс (Русь, Киев немесе Варяг) /8/ мемлекетінің құрылған сәтінен бастап пайда болды.

Читайте также:  Картографическая реконструкция путей средних веков

Бұған дейін ол славян халықтарының шығыс бұтағы ретінде Еуразияның территориясында тілдік­территориалдық топ немесе тайпа ретінде өмір сүрді /9/. «IX ғасырда Скандинавия территориясынан шыққан нормандар шығыс славяндарды бақылауында ұстады (және бірінші орыс­киев мемлекетінің негізін қалады). Варягтар салыстырмалы түрде аз санды болды (бар болғаны 100 мыңнан аспайтын адам) және тез арада славяндар оларды сіңіріп алды. IX ғасырға дейін де, онан кейін де шығыс славяндар орал­алтай тобындағы халықтармен − моңғолдармен, түркілермен және финдермен араласып кетті. Шығыс славяндардың орал­алтай қанымен араласу пропорциясын ешкім дәл анықтап бере алмайды. Дегенмен, оның күші шығыс славяндардың үнді еуропалық нәсілге тән сипаттамаларын түбегейлі өзгертіп жіберуге жете қоймады . Киев мемлекетінің құрылуының және соның салдарынан шығыс славян топтарының орыс ұлтына айналуының нәтижесінде, бұл ұлт іс­әрекеті орыс мемлекетінің бүкіл сипаты мен кейінгі тарихын, сондай­ақ орыс мемлекетінің, Ресей империясының және Кеңес Одағының құрамына «енген» және көбіне ассимиляцияға ұшыраған барлық орыс емес халықтардың мәдениеті мен тарихи тағдырын анықтаған бүгінгі уақытқа дейін басты және шешуші топ болып қалғаны сөзсіз. 1897 жылы орыс ұлтының үш бұтағы Ресейдің барлық тұрғындарының 65,5 пайызын, ал 1959 жылы Кеңес Одағының барлық тұрғындарының 76 пайызын құрады . Орыс ұлтының осы үш бұтағының бірі ­ великоростар 1897 жылы бүкіл ресей тұрғындарының 43,5 пайызын, ал 1959 жылы бүкіл Кеңес Одағы тұрғындарының 54,8 пайызын құрады. Кейбір алдын ала мәліметтерге ие бола отырып, біз енді XX жүзжылдықтағы орыс ұлтының негізгі белгілерін қарастыруға кірісеміз. Мен орыс ұлтының негізгі белгілерін осы орыс ұлтының жекелеген индивидтерінің немесе өкілдерінің жиынтығының жай ғана кейбір белгілерін тана емес, біртүтас әлеуметтік­мәдени жүйе ретінде зерттеймін. Тіпті индивидтердің бұл жиынтығы орыс ұлты үшін «тән» немесе «міндетті» деп қарастырылса да немесе «репрезентативті үлгі» ретінде бейнеленсе де , мұндай ұмтылыстар бос әурешілік болып көрінеді. Біріншіден, өйткені, дейді Дуйкер жөне Фрийда, ұлттық сипаттағы бірде бір зерттеу осы уақытқа дейін ұлт өкілдерінің репрезентативтік үлгісін құра алған жоқ . Екіншіден, барлық осыған ұқсас зерттеулерде өте мәнді емес белгілері бойынша (мысалы, «оральды», «анальды» немесе «генитальды» типтер деген сияқты кейде нақты емес, қияли белгілер бойынша) немесе ғылыми құндылығы ешқандай дәлелденбеген жобалаушы тесттерге деген реакциясына қарап индивидтердің репрезентативті емес жиынтықтары салыстырылды.

Читайте также:  Маңғышлақ жартыаралындағы 1870 жылғы Адай бүлігі

Ұлттық сипаттағы мұндай зерттеулердің ешқайсысы барлық өлшемдері − идеологиялық, жүріс­тұрыстық және биологиялық өлшемдері бойынша тіпті кейбір ең кездейсоқ іріктелген индивидгердің де келбетін айқындап бере алмады. Осындай сипаттағы зерттеу бізге бүтіндей ұлттың сипаты туралы қандай да бір нақты білім бере ала ма? Қазіргі уақытта жүйелердің қасиеттері олардың элементтерінің немесе оның құрылымдық компоненттерінің (құрамдастырының) қасиеттерінен елеулі түрде ерекшеленетінін және бір немесе бірнеше элементтердің мәнді емес кесіндісі туралы білім осы элементтер енген тұтас жүйенің қасиеттерін немесе керісінше жүйе элементтің қасиеттерін ешқашан лайықты бейнелей алмайтынын барлық физикалық, биологиялық және психологиялық ғылымдар нық дәлелдеп берді. Оның үстіне, кез келген күрделі жүйенің қасиеттері оның барлық құрылымдық элементтерінің, жекелей алғандағы да, жинақталып алғандағы да қасиеттерінен айрықшаланады. Әлеуметтануда бұл принцип біраздан бері белгілі жөне соңғы уақыттары сынақтан табысты түрде өткен . Егер зерттеуші ұлттың немесе өзге әлеуметтік­мәдени жүйенің негізгі белгілерін зерттеуге ұмтылса, ол тұтас жүйе ретіндегі ұлтты оқып үйренуі керек, оның тарихи өмірлік жолында үнемі өзгеріп отыратын динамикалық және құрылымдық белгілерін ұғынуы тиіс Осы себептерге орай мен орыс ұлтының «мінезінің» кейбір негізгі белгілерін спекулятивті ұлттық стереотиптердің немесе қияли түсініктердің негізінде емес, объективті және тарихи тексерілген айғақтардың негізінде анықтауға тырысамын. Орыс ұлтының негізгі белгілерінің жиынтығы өз бойына мыналарды енгізеді: салыстырмалы түрде оның ұзақ өмір сүруі, орасан зор өмір сүруге деген қабілет, тамаша табандылық,, ұлттың аман қалуы мен өзіндік сақталуы үшін оның өкілдерінің құрбандыққа баруының керемет дайындығы, сондай­ақ оның тарихи өмірі барысындағы әдеттен тыс территориалдық, демографиялық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы. IX ғасыр қалыптасқалы бері орыс ұлты мың жыл бойы өмір сүріп келеді. Мұндай тарихи өміршеңдік тек бірнеше өзге ұлт­мемлекеттерге тән .

Екі жүз жылдық татар үстемдігін қоса алғандағы көптеген ұлы сынақтарға қара мастан, еуропалық және азиаттық жаулап алушылардың көптеген шапқыншылықтарына қарамастан, орыс ұлты өзінің тұтастығы мен егеменділігін сақтап қалды, Киев Русі тұсындағы кішкене ғана топтан орасан зор территориялы, демографиялық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени империяға айнала алды. XX ғасырда екі дүниежүзілік соғыс, 1917 жылты орыс революциясы және онан кейінгі жылдардағы азамат соғыстарынан туындаған алпауыт зобалаң мен апаттық зұлматтарға қарамастан, бұл даму жалғасын тапты. Бұл тасырда Британ, Австрия, Түрік және, ішінара Француз және Герман сияқты бірнеше ұлы империялар өздерінің өмір сүрулерін тоқтатып және бұл ұлттардың қазіргі заманғы мемлекеттері өздерінің территориясын, халық санын, саяси, экономикалық, және әлеуметтік­мәдени ықпалын едәуір қысқартқан тұста, орыс ұлты барлық жағынан алғанда, өсе түсті. Кеңес Одағы азамат соғысының, революциялар мен екі дүниежүзілік соғыстың барысында 50­ден 75 миллионға дейін адамнан айрылса да, еуропалық Ресейдің үлкен бөлігі басып кірген неміс әскерлерінің қиратқанына қарамастан, Кеңес Одағының тұрғындары осы демографиялық апаттардан таң қаларлықтай аман қалып, қазіргі уақытта барлық елдердің арасында халқының саны жөнінен 1961 жылы 218 миллион тұрғынымен, бірінші және екінші орындағы Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орын алып тұрды . Халық санының осындай апатқа ұрынуынан кейін мұндай таңғажайып қайта қалпына келтіру орыс ұлтының тарихында бірнеше мәрте болды. Бұл менің осы ұлттың «орасан зор өміршеңдігі» және «табандылығы» деген анықтамамның көрнекі қосымшасы бола алады. Бұл белгілер өлім көрсеткішінің едәуір төмендеуімен де дәлелденеді (1959 ­ 1960 жылдары 1000­ ға 7,5­тен келеді), ал бұл барлық елдердің арасындағы ең төмен көрсеткіштерің бірі және, тіпті, бұл көрсеткіш көптеген батыс елдерінің, оның ішінде өлім деңгейі 9,4­ті құрайтын Құрама Штаттардың да осындай көрсеткішінен темен, ал 1000­ға 25,3­ті құрайтын туылу деңгейі Канада, Израиль және Поланы есепке алмағанда, барлық батыс елдерінен алда тұр. Орыстың туу деңгейі /11/афро­азиаттық және латынамерикандық елдердің басым көпшілігінен алда тұрғаны сөзсіз, бірақ бұлардың соңғы жылдардағы өлім деңгейі Кеңес Одағына қарағанда едәуір өсе түсті .

Оставить комментарий