Жоғарғы өкіметті жүзеге асырушы адамдардың міндеттері

Жоғарыда айтылғаннан мемлекеттің әрбір түріндегі азаматтар мен бодандардың міндеттері, сондай­ақ олар жөнінде жоғарғы билеушілер не істей алатындығы айқын бола түседі. Ал билеушілердің өздерінің міндеттері мен олардың өз азаматтарына қалай қарауы қажет екендігін біз әлі айтқан жоқпыз. Жоғарғы өкіметке құқық және оның жүзеге асырылуы арасын айырып алу қажет. Өйткені олар, мысалы, құқық иесі істі қарау немесе талқылау кезінде өзі қатыса алмайтын немесе қатысқысы келмейтін жағдайда болатынындай, бір­бірінен бөліне алады; кейде корольдер не өзінің жасына орай істерді жүргізе алмайды, не тіпті оларды жүргізе алса да, мансап иелері мен кеңесшілерді тандап алып, өз билігін солар арқылы жүзеге асырумен шектелу дұрыс деп санайды ғой. Құқық оның жүзеге асырылуынан бөлінген жерде мемлекет басқару әлемді басқарудың әдеттегі тәсілін еске түсіреді. Ол тәсілге сәйкес кез­келген қозғалысқа бастау беретін Құдай жаратылыстық қарекеттерді ең таяу себептермен жүзеге асырады.

Ал басқару құқығының иесі барлық сот отырыстарының, кеңестер мен жұртшылық қарекеттерінің басы­қасында өзі болғысы келсе, басқару Құдайдың егер ол нәрлердің жаратылыстық ретін тәрк етіп, кез­келген істің басы­қасында тікелей өзі болғысы келгенде, басқаруына ұқсаған болар еді. Сонымен, бүл тарауда біз жоғарғы өкіметті жеке өзінің немесе бөтен біреудің құқығы бойынша жүзеге асыратын адамдардың міндеттері туралы қысқаша көне жалпылама айтамыз. Сондықтан менің ниетіме бір тақсырлар әрекетті қалай басқалардан өзгеше жасай алатыны туралы мәселені талқылау жатпайды; мұны жекелеген мемлекеттердің практик саясаткерлеріне беру керек. 2. Халық игілігі ­ ең ұлық заң. Билеушілердің барлық міндеттері бір ережеде жинақталған: халық игілігі ­ ең ұлық заң. Адамдар жөнінде жоғарғы өкіметке ие кісілер сөздің тол мағынасында, үстемдік бағынумен сыйыспайтындықтан заңдарға, яғни адамдар еркіне бағынына алмайтын болғанымен, олар жаратылыстық, моральдық заң және құдіретті заң болып табылатын және олар мүмкін болғанынша барлық істе бағынуға тиіс парасатпен міндетті байланыста.

Өкімет тыныштыққа қол жеткізу үшін ұмтылатындықтан, ал тыныштыққа қауіпсіздік үшін ұмтылатындықтан, егер қолында өкімет бар кісі оны халықтың игілігіне пайдаланбаса, ол тыныштық мүддесіне кереғар, яғни жаратылыстық заңға кереғар қарекет етеді. Және халықтың игілігін заң анықтайтыны, билеушілер өз міндеттерін сол арқылы танып білетіні секілді, ол билеушілерді азаматтардың әл­ауқаты жайында қам жейтін өнерге де үйретеді.өйткені азаматтардың құдіреттілігі дегеніміз мемлекеттің, яғни онда жоғарғы өкіметке ие кісінің құдіреттілігі. 3. Билеушілердің міндеті қайсыбір адамның жеке игілігі емес, көпшіліктің ортақ игілігі жайында қамқорлық жасауда. Халық дегенде біз біртұтас азаматтық тұлғаны емес, яғни билік жүргізуші мемлекеттің езін емес, басқарылатын көптеген азаматтарды айтамыз. Өйткені мемлекет өзі үшін емес, азаматтар үшін орнатылған… 4. Әл­ауқат деп әрқилы пайда айтылады. Әл­ауқат деп өйтіп­бүйтіп тек өмірді сақтауды ғана емес, мүмкіндігінше неғұрлым бақытты өмірдің қамтамасыз етілуін түсіну керек. Өйткені адамдар мүмкіндігінше неғұрлым жақсы өмір сүру үшін өз еркімен өздері құратын мемлекеттің азаматына айналады.

Сондықтан жоғарғы өкіметке ие болып, мемлекет басқаруды мойнына алғандар, егер азаматтар өмірдің игілігін ғана емес, заңдардың көмегі арқылы қол жеткізілуі мүмкін шамада рахат көруі жайында қам немесе, табиғатқа кереғар қимылдайды (өйткені оларға басқаруды тапсырғандардың сенімін бұзады)… 5. Корольдер өз ұжданының әміріне сай өздеріне ең жақсысы көрінетініне қарай өз бодандарының жанын құтқару жайында қам жеуге міндетті ме? 6. Халық игілігі неден тұрады ? Азаматтардың бұл жалғанға ғана қатысы бар игілігі келесі төрт түрге жатқызыла алады: 1) сыртқы жаулардан қорғану; 2) ішкі тыныштықты сақтау; 3) баю, өйткені ол қоғамдық қауіпсіздікпен сыйысады; 4) бостандықтан зиян тигізбейтін ләззат алу. Жоғарғы билеушілер азаматтар үшін олардың азаматтық соғыстан да, сыртқы жаулармен соғыстан да қауіптенбей, еңбекпен табылатын байлықты пайдалана алуына қол жеткізуден артық ештеңе жасай алмайды. 7. Жансыздар халықты қорғау үшін қажет. 8. Халықты қорғау үшін бейбітшілік кезінде де әскер, қару­жарақ, бекіністер мен ақша дайын ұсталуы қажет. 9.

Читайте также:  Қиыр Шығыс өнеріндегі пейзаж

Азаматтарға мемлекет туралы ілімді дұрыс оқыту бейбітшілікті қолдау үшін қажет. Ішкі тыныштықты сақтау үшін көп нәрсе керек, өйткені оған кеп нәрсе қауіп төндіреді, бүл алдыңғы тарауда көрсетілген. Біз онда бір себептер ақылды бүлікке бет бұрғызатынын, екінші біреулері соған бет бұрған ақылды қоздырып, қозғалысқа түсіретінін көрсеттік. Бүлікке бет бұрғызатын себептердің ішінде біз бірінші орынды кейбір жалған ілімдерге бердік. Сонымен, билеушілер ондай ілімдерді азаматтардың санасынан аластап, оларға қарама­қарсы ілімдерді сіңіруге міндетті. Пікірлер адам санасына бұйрықтар арқылы емес, үйрету арқылы сіңетіндіктен… осы жамандықпен күреске тірек болатын заңдар адасқандарға қарсы емес, адасудың өзіне қарсы бағытталуы тиіс. Алдыңғы тарауда көрсеткеніміздей, мемлекеттегі тыныштықты сақтаумен сыйыспайтын адасулар сауатсыз адамдардың санасына жартылай арандатушылар кафедраларынан, жартылай бос уақыты көп адамдардың күн сайынғы мылжыңынан сіңеді; ал соңғылардың санасына университеттердегі жастар ұстаздарының ықпалымен сіңеді.

Сондықтан дұрыс ілімді енгізу ниетіндегі адам осы университеттерден бастауы қажет. Ақиқат және дұрыс дәлелденген азаматтық ілімнің негіздері нақ соларда Қолданылуға тиіс, сол ілімді кейін жеке сұхбаттар мен көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде осы ілімнің рухына әбден берілген жастар халыққа баяндай алады. Олар өздері үйретіліп, өздері уағыздайтынның ақиқаттығына неғұрлым сенімді болса, мұны соғұрлым қызу және сенімді істейтін болады. Және егер қазіргі уақытта адамдар тек тыңдаушылардың дағдысы пәрменімен көз жеткізетіндей болып көрінетін және’ арнаулы жәшіктен көз жұмып алына салған сөз тіркестерінің астасу ретінде ғана түсінікті жалған қағидаларды місе тұтатын болса, дәл сол себеппен олар парасатқа және де табиғатына сай келетін ақиқат ілімдерді соншалық қуана­қуана қабылдайтын болады. Сондықтан мен билеуші ақиқат азаматтық ілім негіздерінің жазылып, мемлекеттің барлық университеттерінде оқытылуын бұйыруға міндетті деп ойлаймын.

Қоғамдық міндетті жұмыстардың тең бөлінуі тыныштықтың сақталуына жетелейді. Адамдар ауыртпалықтың болуының өзінен гөрі, оның біркелкі бөлінбеуін ауырсынады. Өйткені олар міндетті жұмыстан құтылу үшін орасан зор күш салады және осы күресте бақыты кемдер неғұрлым бақыттыларға, жеңілгендердің жеңдерге қарағаны сияқты, іші күйе қарайды. Әділ наразылықты тоқтату қоғамдағы тыныштықты сақтау үшін қажет, сондықтан қоғамдық міндетті жұмыстарды билеуші біркелкі бөліп беруге міндетті… Жаратылыстық заң басқаларға құқықтарды үлестіру кезінде әрбір адамның теңдік талаптарын бұлжытпай сақтауын бұйырады (III тараудың 15­тармағы пәрменімен); сондықтан ол билеушілерді азаматтарға қоғамдық міндетті жұмыстарды біркелкі бөлігі беруге міндеттейді. 11. Жаратылыстық әділет алым­салықтар әркімнің мал­мүлкінің мөлшеріне емес, тұтыну көлеміне сәйкес төленуін талап етеді. Біз бұл арада теңдікті ақшаның тең мөлшеріне ие болу емес, төккен тер мен пайданың арасындағы тең қатынас деп түсінеміз. Өйткені тыныштықты барлығы бірдей пайдаланғанымен, тыныштық баршаға тең шамада пайдалы емес, себебі біреулер оның кезінде көбірек, енді біреулер азырақ иемденеді…

Читайте также:  Ежелгі Грекия өнері

Атаққұмарлар санының азаюы тыныштықтың сақталуына жетелейді. 13. Тыныштықты сақтау үшін партияларды таратып жіберу керек. Партия мемлекет ішіндегі мемлекет сияқты; жаратылыстық ахуалда адамдардың бірігуі мемлекетті құратыны секілді, азаматтардың одан кейінгі бірігуі партияны құрады… Жеке байлық туралы да, егер ол тым мол болса, дәл осыны айтуға болады, өйткені ақшаға бәрі де бағынады. Демек, егер мемлекеттердің бір­бірімен қарым­қатынасындағы жаратылыстық ахуалы дұшпандық болып табылады деген пікір дұрыс болса, мемлекетте партиялардың болуына жол беретін билеушілер қамал қабырғасынан жауды кіргізіп жібергендей нәрсе істейді. Бұл азаматтардың игілігі мен қауіпсіздігіне, олай болса, жаратылыстық заңдарға да кереғар. 14.

Азаматтардың баюына пайдалы өнерлер мен кәсіптердің дамуын көтермелейтін заңдар, сондай­ақ ұқыптылықты бұйыратын заңдар жәрдемдеседі. Азаматтардың баюы үшін екі құрал – еңбек пен ұқыптылық қажет; осыған үшінші бірдеңе, атап айтқанда жер мен су беретін жаратылыстық кіріс жәрдемдеседі; баюдың төртінші құралы да бар, ол ­ кейде азаматтардың байлығын көбейтетін, көбіне азайтатын әскери кәсіп. Тек алғашқы екі құрал қажетті болып табылады. Өйткені теңіз аралында орналасқан, қоныстану үшін қажет көлемнен артық көлемі жоқ мемлекет егін екпей­ақ, балық ауламай­ақ, тек қана сауда мен кәсіптердің арқасында шешек ата алады; бірақ, осы мемлекеттің азаматтары, егер олардың саны өзгермеген болса, көбірек аумақты иеленсе, одан да бай болып шығатыны немесе, егер олардың саны артса, дәл сондай бай болып қала беретіні сөзсіз. Баюдың төртінші құралы, атап айтқанда, әскери кәсіп, кезінде қарақшылық және пираттық өнер деген кіріс беретін кәсіптердің қатарына кірген. Адамзат баласы әлі мемлекет дегенді білмеген және отбасыларға ғана бөлінген кезде бұл өнер әділетті де құрметті деп есептелді. Өйткені қарақшылық дегеніңіз азғантай әскери күш қатысатын соғыстың нақ өзі.

Үлкен мемлекеттер, әсіресе Рим және Афина мемлекеттері кезінде әскери олжаның. Жат жұрттықтардан қару күшімен басып алынған жерлерден алынатын алым­салықтар арқылы байығаны соншалық, кедей азаматтардан қоғамдық қажеттер үшін ешқандай талап етпегені былай тұрсын, оларға жеребемен ақша, жер беріп отырған. Алайда байлықтың осылай артуын баюдың.қалыпты құралы деп қарастырмау керек. Баюдың құралы ретінде әскери өнер көбісін жұтатып, бірлі­жарымды ғана байытатын асық ойнына ұқсас. Демек, азаматтардың баюының үш құралы ғана бар, атап айтқанда: жер мен судан алынатын кіріс, еңбек пен ұқыптылық және билеушілер солардың ғана қамын ойлауға міндетті. Жер мен судан кіріс алу үшін жер мен судың өнімдерін алуға жәрдемдесетін кәсіптерге қолайлы заңдар пайдалы, ал бұл кәсіптер – егіншілік пен балық аулау.

Читайте также:  Азиялық және Еуропалық рух

Ал еңбекке келетін болсақ, оны көтеру үшін жалқаулыққа тыйым салатын және адам бойында теңізде жүзу өнеріне (нәтижесінде еңбек сатып алуға ғана жұмсалып, мемлекетке жердің әр қиырынан әр түрлі пайдалы заттар әкелінеді), сондай­ақ механикаға (бұны мен өз кәсібімен табысқа жететін адамдардың барлық кәсіптері деп түсінемін) және теңізде жүзу өнері мен механиканың негіздерін түсінікті қылатын математикалық ғылымдарға құмарлықты қоздыратын барлық заңдар пайдалы. Ұқыптылыққа қол жеткізу үшін сондай­ақ тамақты, сол сияқты киімді және тұтыну нәтижесінде жойылып кететін барлық нәрсені қисапсыз тұтынуға тыйым салатын заңдар пайдалы. Осы секілді заңдар жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу көмектесетіндіктен, оларды шығару – билеушілердің міндеті.

Заңдар адамдардың істерін азаматтар мен мемлекеттің игілігі қажет ететіннен артық реттемеуге тиіс. Азаматтардың еркіндігі оларға мемлекеттік заңдардың күші жүрмейтіндігінде, мемлекеттегі жоғарғы өкімет иелерінің өздері қалағандай заңдар орната алмайтындығында емес. Бірақ азаматтардың барлық қозғалыстары мен қарекеттері ешқашан заңдармен реттелмейтіндіктен, және олардың аса алуан түрлілігінің салдарынан мұндай реттеуге жатқызыла алмайтындықтан, міндеттелмеген және тыйым салынбаған, бірақ әркімнің өзінше шешуіне жататын ая шексіз дерлік екендігі келіп шығады. Сондықтан әркім өзіне тиесілі еркіндікті пайдаланады дейміз және бұл орайда еркіндікті жоғарыда көрсетілген мағынада, атап айтқанда азаматтарға қалдырылған және азаматтық заңдарға сәйкес олардың ие болуына жол берілген жаратылыстық құқықтың бір бөлігі ретінде түсіну керек.

Барлық жағынан жағалаумен шектелген су ақпай, бұзылады; ал барлық жағынан кедергі болмаса, ол барлық жерге жайылады және шығу арнасын неғұрлым көбірек тапса, соғұрлым кедергісіз ағады. Осы секілді азамат¬тар да егер заңдардың тарапынан тікелей нұсқаусыз аттап баспайтын болса, сілейіп қалады, егер заңдар оларға бәрін істеуге рұқсат етсе, жан­жаққа бытырай жөнеледі және заңдар олардың қарауына неғұрлым коп іс қалдырса, соғұрлым коп еркіндікті пайдаланады. Шектен шығудың екеуі де зиянды, өйткені табиғат жағалауды өзеннің ағысын бөгеу үшін емес, оны бағыттау үшін жасағаны секілді, заңдар да қорқыту үшін емес, адам әрекетін бағыттау үшін енгізілген. Осы еркіндіктің көлемін азаматтар мен мемлекеттің игілігі анықтауы тиіс. Сондықтан заңдардың азаматтар мен мемлекеттің игілігі үшін қажет болатыннан коп мөлшерде орнатылуы ең алдымен әмірін жүргізетіндер мен билігі барлардың міндеттеріне кереғар.

Адамдар өздерінің не істеуі керектігін, не істемеуі керектігін заңдарды білуден гөрі, көбіне жаратылыстық парасатпен санасып, ойластыруға дағдыланған. Заңдар коп болса, біз олар тыйым салатынды, парасат тыйым салмаса, қалайша есте сақтамақпыз? Осыдан келіп, біз білместіктен және ешқандай жаман ниетсіз­ақ осындай заңдардың шырмауында шатасамыз, соның салдарынан әмір етушілер жаратылыстық заңдар негізінде азаматтарға қалдыруға міндетті қол сұғылмас еркіндікке нұқсан келеді. 16. Біреуге заңдармен белгіленгеннен артық жаза қолданбау керек. Мемлекетке зияны жоқ және жекелеген азаматтардың бақытты өмірі үшін қажет еркіндіктің болуы, маңызды шарттың пірі ретінде олардың алдын алуға немесе күтуге болатын жазадан басқа ешқандай жазадан қауіптенбеуін көздейді…

Оставить комментарий