Загрузка…

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ

Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стартегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша көңіл аударғаны баршамызға белгілі. Экология – бұл әлеуметтік проблема. Оның қоғам өміріне әсері бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Экология ғылымы соңғы кезде жеке тұрғысынан қарастырылып, табиғаттағы барлық өзгерістерді айнала қоршаған табиғи ортасы және адамның іс-әрекетімен байланыстырылып зерттейтін кешенді ғылымдарға, нақтырақ айтқанда барлық жаратылыстану ғылымдарының негізгі өзегіне айналып отыр. Қазіргі кезде ғалымдар экологияны өзіне жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық және адамды қоса алғанда тірі жүйелердің өзара байланысы туралы өзге мәліметтерді қосып алатын интегралды ғылым деп айтады. XVI-XVIII ғғ. ұлы педагогтары Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, Г.Песталоций, Ф. Дистервег және т.б. прогресшіл ой-пікірлері классикалық педагогикада оқушыға табиғатпен қарым-қатынас арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарына негіздеген «…адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған» — деп тұжырымдаған. XIX ғасырдың демократ-ағартушылары В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов болса табиғат туралы саналы білім беру адамның мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына ерекше мән береді десе, халқымыздың көрнекті ұлы ағартушылары А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов табиғат – сүйіспеншілік пен адамгершілік көзқарастарының негізі деп түсінді. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім мен тәрбие процесінде, өндірістік қызметте және гуманитарлық салада пайдалану маманның терең білімділігіне, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі – табиғатты қорғау мәселелерімен жастарды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Мақсатына қарай экологиялық білім беру үш сатыда өтеді: кәсіптік білім беретін арнайы лицейлер мен колледждер; жоғары педагогикалық университеттер; жоғары оқуорындарынан кейін экологиялық білім мен тәрбие беру. Екінші сатыда қоршаған ортаны қорғау саласында мұғалімдер әзірлеу – ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Болашақ мұғалімдер оқыту процесінде мынадай психология-педагогикалық әрекеттерді білуі тиіс: ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсерін, жергілікті 93 табиғаттың материалын және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен мектептің өзара байланысын, экологиялық құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі қажет. Экологиялық білім мен тәрбие жалпыға ортақ мәселе. Жаратылыстану мамандығындағы студенттерге дәріс беруде, оқу үрдістеріндегі экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, оларға табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалану шараларын үйретуді көздейді. Экологиялық білім беру мен тәрбиенің түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастырып, жетілдіру. Осыған байланысты студенттер мен оқушыларға жаратылыстану пәндерін негізге ала отырып, сапалы экологиялық білім беру керек. Қазақстанда жалпыға, жасөспірімдерге экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің құқылық негіздері жасалып, заңдастырылған. 15.07.1997 ж. қабылданған Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 73 және 74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған. Осы ережелер мен ұстанымдар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында да көрсетілген. Осындай құжаттардың өзі де Қазақстан Республикасы президентінің де назарынан тыс қалмады «Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996), «Қазақстан Республикасының экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998) т.б. құжаттар осының айғағы. Осы орайда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде экология мамандығы негізінде экология бакалавры, 6М060800-экология магистры, экология РһD докторы даярланады. Сондай-ақ экология жалпы курс жаратылыстану және техникалық ғылым салалары бойынша мамандықтарда жүргізіледі. Жинақталған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстар мен пәндерді экологияландыру студенттердің ғылыми ізденіс зерттеу жұмыстарында өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі уақытта үздіксіз, кешенді, пәнаралық, экологиялық білім беру жүйесі бар. Білім беру жүйесін экологияландыру экологиялық түсініктерді, ұғымдарды, принциптер мен көзқарастарды басқа пәндермен байланыстыру және экологиялық білімі бар әр түрлі салалардың мамандарын дайындаудан көрінеді. Пәндерді экологияландыру мәселесі республикамыздың 2000-2001 жылдары жарық көрген оқулықтары мен әдеби деректерінде көрініп жүр. Әсіресе, жоғары оқу орындарының мемлекеттік стандартында көрсетілген типтік бағдарламалардан жұмыс бағдарламасын жасау кезінде экологиялық мәселелерге берілген тақырыптарға еліміздің, аймақтық, өлкелік экологиясына арналған материалдарды оқу үрдістерінде пайдалануға баса назар аударылса және оқу бағдарламасын жасауда осы мәселені басшылыққа алынса дұрыс болар еді. Қазіргі кезде оқыту және тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыты − студенттерге экологиялық білім беруді жүйелі ұйымдастыру. Мұндағы басты міндет – студенттерге табиғат өнімдерін пайдаланудың өнегелік және құқықтық ұстанымын сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғау, оқып-үйрену дағдыларын қалыптастыру. Студенттермен табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу әрбір оқыту процесін және әрбір аудиториядан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі бір нәтиже береді. Бұл екеуі де бірін-бірі толықтырып отыруы қажет. Тек қана оқыту процесі студенттердің табиғи ортаны қорғауға деген жауапкершілігін үнемі арттыра алмайды, сондықтан табиғатқа сүйіспеншілікті оятуда аудиториядан тыс жүргізілген жұмыстардың маңызы ерекше. Бұл жұмыстар төмендегідей жүреді: Үгіт-насихат жүргізу жұмыстары (дәріс, әңгіме); Экологиялық кештер, дөңгелек үстел, экологиялық апталық, экологиялық семинарлар мен конференциялар; Табиғи ортаны зерттеудің ғылыми жұмыстары (курстық және дипломдық жұмыстар); 94 Оқу процесі университетте екі негізгі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт – жалпы теориялық, ол студенттерде экологиялық сана қалыптастырады. Екінші бағыт студенттерді экологияның зерттеу әдістерімен және қолданбалы экологияның міндеттерімен таныстырады. Оқытудың жаңа технологиялық, компьютерлік модельдерін қолдану арқылы студенттерге ауқымды экологиялық мәселелерді шешуге және антропогендік факторлардың қоршаған ортаға әсеріне баға беретін оқу модельдері қолданылады. Осыған орай айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында жоғары білімді, адамгершілігі мен құзыреттілігі, толеранттылығы жоғары мұғалімдер мен оқытушуларды даярлау – ең басты маңызды міндеттердің бірі. Оларға экологиялық факторлар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, адамзат, өсімдік, жануар және микроорганизмдер экологиясы пәндерін өзара байланыстыра отырып бере білу қажет. Болашақ жас маман – мұғалім қоршаған ортаның ауқымды проблемаларын толық жете игеріп және олардың негізгі көрсеткіштерін өздігінен анықтай білуі тиіс. Экологиялық мәдениетті болашақ мамандарды даярлауда экологиялық тәрбие мен экологиялық білім беру жоғарғы оқу орындарының маңызды міндеті болғандықтан, жас білікті, саналы маманды дайындау үшін аталған оқу орындарында оқытушылардың біліктілігін арттыру жоспарлы түрде жолға қойылуы қажет. Экологиялық білім XXI-ші ғасырдағы болашақ мамандарды даярлаудың негізгі құрамды элементі болуы керек. Әдебиеттер 1. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева Экология. Оқулық −Алматы, 2001 2. Г.Е.Одыр Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған «Жас ғалым-2007» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 12 томдық еңбектері – Тараз, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2007 3. Чилдибаев Жумадил Оқушылардың педагогикалық білім мазмұнының ғылыми- педагогикалық негіздері, Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, −Алматы, 2005 4. А.С.Шәріпханова, Б.М.Шәйімова, Қ.Қ. Бүрүнбетова «Экологиялық білім, тәрбиежәне мәдениет проблемалары, оларды шешу жолдары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 17-20 желтоқсан, 2003 жыл, Семей

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar