ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТІН ЕНГІЗУДІҢ ШАРТТАРЫ

Біздің Елбасымыздың 2005 жылдың ақпан айындағы жариялаған жолдауы — елімізді әлемдік нарықтағы бәсекелестігін жоғарылатуды көздейді. Жолдау – бүкіл қоғамды сапамен өмір сүруге шақырады. Өздеріңіз білетіндей бүгінгі уақыт – бәсекелестік заманы. ҚР болашақта ДСҰ кіруі мен халықаралық стандарттарға көшуі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жасайтын батыл қадамдары болып табылады. СМЖ өндірілген өнімнің сапасын жоғарылатуға бағытталып жұмыс істейді. Ал өнімді өндіру барысында оған қажетті ресурстардың қолда болуы маңызды мәселенің бірі. Өйткені ресурстар болмаса, өнімде болмайды. Қазақстан Республикасының ИСО 9001-2001 стандартының 6-бөлімі «Ресурстар менеджменті» болып табылады. Ол негізгі 4-бөлімге бөлінеді: Ресурстармен қамтамасыз ету, адам ресурстары, инфрақұрылым және өндірістік орта. Ресурстармен қамтамасыз ету. Ұйым: — сапа менеджменті жүйесін енгізу және оны жұмысшы қалыпта ұстау, сондай-ақ оның тиімділігін ұдайы жақсартуға; — тұтынушылардың қанағаттандырылуын, олардың талаптарын орындау арқылы арттыруға қажетті ресурстарды анықтауы және олармен қамтамасыз етілуі қажет. Адам ресурстары. Жұмысты орындайтын, өнім сапасына әсер ететін қызметкерлер алған біліміне, дайындығына, әдетіне және тәжірибесіне сәйкес білікті болуы керек. Инфрақұрылым. Ұйым өнімнің талаптарға сәйкестігіне жеткізуге қажетті инфрақұрылымды анықтауы, қамтамасыз етуі және жұмысшы қалыпта ұстауы керек. Инфрақұрылым, егер бұл мақсатқа сай болса: — ғимараттардан, жұмыс орны және онымен байланысқан еңбек құралдарынан; — өндірістік процестер үшін жабдықтар (техникалық, сондай-ақ бағдарламалық жабдықтар); — қамтамасыз ету қызметтері (мысалы: көлік немесе байланыс) тұра алады. Өндірістік орта. Ұйым өнімнің талаптарға сәйкестігіне жеткізуге қажетті өндірістік ортаны құруы және оны басқаруы қажет. СМЖ шеңберінде ЖОО ресурстар менеджменті негізгі 3 бөлімге бөлеміз: Олар ЖОО адам ресурстары, ЖОО инфрақұрылымы және ЖОО өндірістік ортасы. 188 ЖОО және де қандай-да бір болмасын кәсіпорынның негізгі және маңызды ресурс болып адам ресурстары саналады. СМЖ тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлерде қызметкерлердің құзіретін қамсыздандыру, оқыту жүргізу және біліктілігін арттыру іс-шараларын жоспарлау және жүргізу қажет. Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін жоғарылату арқылы:- техникалық білімі мен әдістемесінің өсуі;- жоспарлау және жұмысты жақсарту әдістеріне оқыту;- ұжым болып жұмыс істеуге үйрету;- мәселелерді шешу әдістерін оқыту мен қолдану;- нарықты зерттеу әдістеріне үйрету;- қызметтік этика мен жүріп тұру мәдениетін жоғарылатамыз. «Қызметкерлерді оқыту» үрдісінің нобайы 1-сызбада келтірілген. ЖОО инфрақұрылымына және өндірістік ортасына жариялайтын талаптар арнайы әзірленген – ҚР 1158:2002 «Жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасы» стандартында анықталған. Ендеше біз осы стандартты негізге ала отырып, ЖОО студенттерінің сапалы білім алып, оқуға ынталы болуы үшін, оларға ыңғайлы және тиімді оқу орталарын құруды ұйғардық. Осы тұста біздер университет аудиторияларына, жабдықтарына және еңбек құралдарына қадағалауды жүргізуді жеңілдететін және басқаратын «ЖОО инфрақұрылымын анықтау, қамтамасыз ету және жұмысшы күйде ұстау» атты стандарт жобасын жасап шығаруды ұйғардық. Стандартта ЖОО инфрақұрылымының барлық түрлері дерлік қарастырылған. Оның әр бір түрі бөлек тармақ немесе бөлім ретінде беріліп, онда оған жауапты тұлғалар мен олардың мақсат, міндеттері көрсетіледі. Қазақстан Распубликасының өнімді және қызметтерді сертификаттау бойынша заңында ―Сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға өнімнің сәйкестігіне растау бойынша іс-әрекеттер‖ делінген. Сапа жүйесін сертификаттау кәсіпорынның сапаны басқару бойынша жұмысының қажетті және маңызды бағыты болып саналады. Сапа жүйесін сертификаттау сауда қарым-қатынасының әлемдік тәжірибесіне берік енуде. Өнімді және сапа жүйсін ерікті сертификаттау кәсіпорынға бәсекелкестікте үлкен көмек көрсетіп, өз өнімінің сату көлемінің жоғарылауына және сыртқы экономикалық іс-шараларды жүргізетін қазақстандық кәсіпорындарға көп септігін тигізеді. Сапа жүйесін сертификаттау қажеттілігіне кездескен бірқатар кәсіпорындар бұл жұмысты отандық және шетелдік ұйымдарды шақыра отырып жүргізілген. Бірақ Қазақстанның сапа жүйелерін сертификаттау Ресейге қарағанда бір қадам артта келе жатыр. Әдебиеттер 1. Ж.А. Кулекеев, Г.Г. Пивень, М.Р. Нургужин, Ш.М. Команова, И.П. Падиарова ―Система менеджмента качества организаций высшего профессионального образования‖, Караганда, Издательство КарГТУ, 2004 г. 2. В.М. Зациорский ―Спортивная метрология‖, Москва, Физкультура и спорт, 1979г. 191 3. Д.Ф. Тартаковский, А.С. Ястребов ―Метрология, стандартизация и технические средства измерения‖, Москва, Высшая школа, 2002 г. 4. В.Ю.Огвоздин, ―Управление качеством‖ Москва, ―Дело и сервис‖, 2002 г.

Читайте также:  ЖАПОН САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Оставить комментарий