ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУДА AUTOCAD БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ

ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУДА AUTOCAD БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Зерттеу жұмысының мақсаты: арнайы тапсырма ретінде AutoCAD бағдарламасын толықтай меңгеріп кескіндер сызу, әр түрлі нысандардың екі өлшемді және үш өлшемді 75 үлгілерін жасау, нысандарды қимылға келтіру және оларды бейнебет бетімен қозғалту мүмкіндіктерін көрсету. Зерттеу жұмыстарының әдісі: AutoCAD бағдарламасы туралы теориялық мәліметтерді жинақтау, саралау, салыстырып талдау, оларды іс жүзінде көрсету, нақтылау, нәтижелер жинақтау, қорытындылау. AutoCAD бағдарламасы ұзақ уақыттан бері – 1982 жылдан бастап қолданылып келеді. AutoCAD – тек қолданбалы компьютерлік бағдарлама ғана емес, ол – сызу мен жоба жасауға арналған күрделі орта. Алғашқы уақытта AutoCAD бағдарламасы тек MS DOS жүйесі үшін ғана арнап шығарылған болатын. Ол кездерде ешқандай құралдар үстелі мен сұхбат терезелері болған жоқ, сондықтан қолданушылар тек мәтіндік командаларды ғана енгізген болатын. Содан кейін Autodesk компаниясы AutoCAD бағдарламасын көптеген графикалық операциялық жүйелерге, соның ішінде Windows-қа көшіре білді. Қазіргі таңда Autodesk компаниясы AutoCAD бағдарламасын тек қана MS Windows жүйесі үшін өңдеп шығаруда. AutoCAD – CAD (Computer-Aided Design-система автоматизированного проектирования – САПР) – автоматтандырылған жоба жасау жүйесі бағдарламалардың ішінде ең танымал әрі ең маңызды бағдарлама. AutoCAD дамуы барысында сызу мен жоба жасау процестерінің жаңашаландырылуына байланысты қолданыста неғұрлым күрделене түсті. Қазіргі уақытта көрнекті сызба жасаумен ғана шектелу жеткіліксіз болып саналады. Кәсіби деңгейде жұмыс жасау үшін САПР жұмысын қажетті деңгейде ұйымдастыра білу керек: сызбаның барлық қажетті нысандарын жасау, олардың қасиеттерін орнату және осы нысандар орналасқан файлдарды сәйкесінше орналастыру керек. AutoCAD бағдарламасының ақпараттық технологиялар жүйесіне енуі AutoCAD бағдарламасының пайда болуы Autodesk-ті жасаудан басталды және керісінше Autodesk-тің пайда болу тарихы AutoCAD бағдарламасының пайда болуынан басталады. 1982 жылдың қаңтар айында Джон Уолкер бірнеше бағдарлама жасаушыларға хаттар таратып жіберді. Хатта фирма құруға қатысу жөнінде ұсыныс айтылған. Фирма дербес компьютерлер үшін бағдарламалар жасап шығару керек болатын. Фирманың шығарған алғашқы бағдарламасы MicroCAD болды, ал фирма Desktop Solutions деп аталды. Маусым айынан бастап Autodesk компаниясы MicroCAD-ты СР/М және ІВМ РС платформасына аударды, атауын AutoCad деп өзгертіп, құнын 1000 долларға бағалап, 1982 жылдың күзінде Атлантик-Ситидағы СОМDEX көрмесінде демонстрациялады. 1983 жылы сәуір айында AutoCAD R2 бағдарламасы шығарылып, онда объектілердің өлшемдерін қою мүмкіндіктері кірістірілді, 1983 жылдың тамызында AutoCAD R3 және т.с.с. шығарылды. 1983 жылы қараша айында қысқартылған AutoCAD LT версиясы шығарылды, онда көптеген мүмкіндіктер қарастырылмаған, бірақ бағасы екі еседей арзан, яғни 495 долларды құрады. Ол 2D сызбасына ғана арналған. 2003 жылдан бастап әр жылдың наурыз айында AutoCAD бағдарламасының жаңа версиясы шығарылады. 76 1-сурет СОМDEX көрмесіне дейінгі AutoCAD-80 бағдарламасының көмегімен жасалған сызба Кейіннен фирманың да, бағдарламаның да атауын қайта өзгертті. Autodesk Іпс 1982 жылы 26 сәуірде тіркелген болатын. AutoCAD бағдарламасының шығарылған күні 1982 жылдың 25-ші тамызы болып саналады. AutoCAD бағдарламасы алғашқыда 2 версия түрінде шығарылды: AutoCAD-80 (СР/М-80 базасында жұмыс жасау үшін) және AutoCAD-86 (IBM 8086 үшін). AutoCAD-86 12 примитвитермен, 42 команданың көмегімен жұмыс жасады. 1982 жылдың өзінде 5 AutoCAD-80 және 1 AutoCAD-86 бағдарламасы сатылды. Бағдарламаның құны 1000 долларды құрады. 1983 жылы сәуірде AutoCAD V1.2 (R2) шығарылды. Бұл версияда объектілердің өлшемдерін қою мүмкіндігі қосылды. Бағдарламаның әр түрлі версиялары төмендегідей тізбекпен шығарылды: — 1983 ж. тамыз — AutoCAD V1.3 (R3) — 1983 ж. қазан — AutoCAD V1.4 (R4) — 1984 ж. қазан — AutoCAD V2.2 (R5) — 1985 ж. мамыр — AutoCAD V2.1 (R6) — 1986 ж. маусым — AutoCAD V2.5 (R7) — 1987 ж. сәуір — AutoCAD V2.6 (R8) — 1988 ж. қазан — AutoCAD (R9) — 1990 ж. қазан — AutoCAD (R11) — 1992 ж. маусым — AutoCAD (R12) — 1994 ж. қараша — AutoCAD (R13) — 1997 ж. ақпан — AutoCAD (R14) — 1999 ж. наурыз — AutoCAD (2000) — 2000 ж. шілде — AutoCAD (2000 і) — 2001 ж. маусым — AutoCAD (2002) — 2003 ж. наурыз — AutoCAD (2004) — 2004 ж. наурыз — AutoCAD (2005) — 2005 ж. наурыз — AutoCAD (2006) — 2006 ж. наурыз — AutoCAD (2007) — 2007 ж. наурыз — AutoCAD 2008 (R17.1) — 2008 ж. наурыз — AutoCAD 2009 (R17.2) — 2009 ж. наурыз — AutoCAD 2010 (R18.0) — 2010 ж. наурыз — AutoCAD 2011 77 — 2011 ж. наурыз — AutoCAD 2012 — AutoCAD V1.3 (R3) AutoCAD-ң алғашқы версиялары MS-DOS-та жұмыс жасау үшін арналған. AutoCAD R14 –тен бастап Windows үшін бағдарламаны жүктеуге болады. 2006 жылдан бастап шығарылған AutoCAD 2007 бағдарламасында біршама өзгерістер енгізілді: — интерфейс нұсқаларының бірін («Классикалық», «Үшөлшемді модельдеу») таңдау мүмкіндігі; — 3d объектілерін құру үшін жаңа біріктірілген құралдар үстелі пайда болды, сондай-ақ үшөлшемді объектілерді редакторлаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды; — анимация жасауға болады. Бағдарламаның жаңа версиялары R2 версиясынан бастап, көне құжаттармен сәйкестігі сақталады. AutoCAD сызбалар мен анимация жасауға мүмкіндік береді. 2-сурет Осындай 8-дюймді дискеталарда AutoCAD 86 V1.1 жазылып, сақталған. САПР бағдарламасы инженерлерге қалай көмектеседі? 1. Ең маңыздысы – бұл сызба жұмысындағы көмек. AutoCAD бағдарламасының міндеті сурет салу емес, CorelDraw сияқты нағыз сызба жасау екеніне басты назар аудару керек. 2. Конструкторлық құжатты дайындау – инженерлік жұмыстың маңызды бөлігі. AutoCAD бағдарламасында құжатты безендіру стандарты енгізілген, қажет жағдайда оны өзгертуге болады. 3. Жаңа модель жасау үшін, мысалы автомобиль үшін ондаған және жүздеген конструкторлар жұмыс жасайтыны белгілі.AutoCAD (және басқа да автоматтандырылған жоба жасау жүйесі) бір объект жасау арқылы бірі-бірімен оңай байланыс жасауға көмектеседі. 4. Үшөлшемді модельдеу. Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру тарихы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. «Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен қазақстандықтардың игілігі үшін» деп аталатын халықтық тұғырнамада алдағы 5 жыл ішінде барлық қазақстандықтардың өмір сапасы мен әл-ауқатын ең аз дегенде екі есеге жақсартуды ұсынып отыр. Бұл бағдарламаның басқалардан ерекшелігі – денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту үшін нақты салынатын нысандардың санын айқындап отыр – 250 мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орны, 150 емхана мен аурухана және 300 дәрігерлік амбулатория. AutoCAD бағдарламасында орындалатын курстық жобаның тақырыбын Президент қоғамының болашақ даму жоспары тұжырымдаған «Қазақстан – 2030» стратегиясы негізінде «150 адамға арналған жүйке жүйелерінің емханасы» деп атадым. 78 Зерттеу жұмысында қарастырылып отырған негізгі тақырыптар AutoCAD бағдарламасын сызу мен жоба жасау процестерінде, әсіресе курстық жобаны орындауда қолданудың тиімділігі мен қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі. 3-сурет 4-сурет AutoCAD бағдарламасында орындалған емхана қасбеті Сызбалар мен жоба жұмыстарын орындауда AutoCAD бағдарламасының мынадай тиімді тұстарын көрсетуге болады: 1. Дәлдігі: егер бағдарлама дұрыс бапталған болса, қағаз бетіне түсіргеннен гөрі AutoCAD бағдарламасында әр түрлі нысандарды дәл өлшеммен сызуға болады. 2. Қателерді дұрыстауда өзгерістер енгізудің қарапайымдылығы: қағаз бетіне сызған сызбадан гөрі компьютер экранында қателерді жөндеу жұмыстары неғұрлым оңай. 3. Өнімділігі: сызбаны қолмен сызғаннан гөрі AutoCAD бағдарламасын пайдаланып орындау неғұрлым тез іске асады. Әсіресе, бір сызбада бірнеше бірдей фрагменттер болғанда, мысалы көпэтажды үйлер мен ғимараттардың сызбасын жасағанда бағдарламаны қолдану өте тиімді (бірдей нысандардың көшірмесін алуға, айналық көрінісін жасауға, т.с.с. мүмкіндіктер бар). 79 4. Бір терезеде бір уақытта бірнеше сызбалар орындауға болады. 5. Жылдам әрі нәтижелі сызба базасы элементтерін ұйымдастыруға болады. 6. Пайдаланушының өнімділігін арттырып, жұмысты ыңғайлы әрі тиімді орындауда жаңашыл элементтер ұсынады. 7. Қабаттар (Слои) панелін пайдаланып, сызбаны жасырып қою (заморожить) мүмкіндігі бар және сызбаны құлыпқа салуға (заблокировать) болады. 8. AutoCAD бағдарламасында орындалып, сақталған файлдарды кодтауға болады, бұл басқа пайдаланушылар тарапынан болатын өзгерсітердің енуінен сақтайды.

Читайте также:  БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ НОРМА

Оставить комментарий