Жорға жарыс туралы

Ат өнерінің әдемі түрі — жорға жарыс. Жылқының қазанаты мен тұлпары, арғымағы мен сәйгүлігінен кейінгі қазақтың ең бір жақсы көріп, әнге, күйге арқау еткені — жорғасы. Су төгілмейтін жорға, тайпалған жорға деп жүрісін әспеттеп, сұлулығына тамсанған. Ата асындағы жорға жарысы да аса көркем көріністердің бірі болды. Құйрық­жалы төгілген жиырма үш жорға сән жарысына түсіп бейнеулік Шариғатов Шеркешбайдың құла жорғасы бірінші орын алды. Жүлдесі — «Иж» мотоциклі. Теңге кентінен Құдайбергенов Ғалымжанның ақбоз жорғасы, екінші қызылтөбелік Камаев Дәрменнің қара жорғасы мәреден үшінші өтіп, тиісінше бейнеекілік пен теледидар секілді жүлделерді қанжығаларына байлады. Астағы ат спорты ойындары халқымыздың дәстүрлі қыз қуу, ат үстінен теңге алу ойындарымен қорытындыланып оған қатысушыларға да тәберік­сыяпаттар сыйланды. Бәйгені ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қапуов Әлімғали, жарыстың бас төрешісі Асылов Айдарбек басқа да ел азаматтарының басшылығымен ұйымдастырылған ат спорты ойындары бәйге Ата асының ажарын арттырып, өте жоғары дәрежеде өтіп, атқұмар халықтың жеңсігін басып, төл жүйріктеріміздің болашақ жеңістеріне жол ашты.

Читайте также:  АБАЙ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ

Оставить комментарий