Жорж Батай Садтың еркін адамы

Егер Сад өз ақиқатын шектен шығушылық арқылы дәлелдесе, бұның табиғатын қабылдау оңай емес. Бірақ, ол бізге ұсынған тұжырымдардан іңкәрлік эросшылдықты өліммен байланыстыратын сезімде ешнәрсе өзгертпейтінін ұғуға болады. Шығындану қордалауға қалай қарама­қайшы болса, эросшыл әрекет те кәдуілгі дағдыға қарама­қайшы. Біз ақылдың өкіміне бағынып өмір сүргенде, түрлі ізгіліктер жиюға талпынып, өзіміздің игіліктерімізді, немесе, өзіміздің білімімізді көбейту мақсатыңда жұмыс істейміз: кез келген тәсілмен баюға және мейлінше көп игіліктерге иелік етуге тырысамыз. Әлеуметтік тұрғыда біздің жүріс­ тұрысымыздың қағидасы осындай. Бірақ шектен тыс жыныстық құмарлану сәтінде біз өзгеше тәртіпте қимылдаймыз. Біз өзімізді шектен тыс шығындап, тіпте, кейде адуынды құмардың жетегінде, өзімізге ешбір пайдасыз көптеген күш­қайратымызды талан­таражға саламыз. Нәпсіқұмарлықтың күйретпелі шығындануға жақындығы сондай, біз оның шыңына жеткенде «кіші өлімге» ұшырағандай боламыз. Сол сияқты шектен тыс эросшыл әсердің есте жаңғыруы әрқашанда тәртіпсіздікте көрінеді. Жалаңаштық, біз өзімізге киім арқылы дарытатын тәрбиелілікті жояды. Бірақ біз нәпсіқұмарлы тәртіпсіздік жолына тұрғасын, азға қанағаттанбаймыз. Біздегі туа біткен шектен шығушылыққа кейде ойран салу мен сатқындық қосылады. Біз жалаңаштық әсерін жартылай киінген денелердің көрінісімен көбейтеміз, және киімнің жекелеген нұсқалары біреудің денесінің ақауын тек күшейте береді. Ол қаншама жалаңаштанса, соншама тәртіпсіздікке ұрынады. Қинау мен өлтіру бұл өлімші талпынысты ұзарта береді. Сол сияқты жезөкшелік, боғауыз сөздер, және эросшылдықты пасықтық кеңістігімен байланыстыратын нәрсенің бәрі нәпсіқұмарлық әлемінің күйреу мен қирау әлеміне айналуына өсерін тигізеді. Біз тек жарамызды тырналағандай, күш­қайратымызды бостан босқа шығындағанда ғана нағыз бақытқа бойлаймыз: біз әрқашанда өзіміздің талпыныстарымыздың пайдасыздығына, ал кейде ойранды бағытта екеніне сенімді болуымыз керек. Біз, ережесі игіліктер көбейту болған әлемнен, өзімізді мейлінше алыс сезінгіміз келеді. Бірақ, мейлінше алыс деп айту аз. Біз ойрандалған әлемге, өзегі айналған әлемге мұқтажбыз. Эросшылдық ақиқаты дегеніміз сатқындық. Садтың жүйесі — эросшылдықтың ойранды түрі. Арлы қалғыздық дегеніміз тежеуден арылу. Ол біздің шығындануымызға терең мән бергізеді. Кім өзге тұлғаның құнды екеніне мән берсе, міндетті түрде өзін шектейді. Өзгеге де сыйластық іс мазмұнын көлегейлейді және жалғыз ар, немесе, байлық игіліктерін көбейту мұқтажына бағынбайтын талпыныс мәнісін таразылауға мүмкіндік бермейді. Өзге тұлғаға сыйластық сезімінен туған көр соқырлық алысқа апармайды: әдетте біз жыныстық ақиқаттар әлеміне аракідік бас сұғумен ғана шектелеміз, өзге уақытта бұл әлемнің осы ақиқаттарды жоққа шығаруға ашық болмауы беймүмкін. Барлық өзге жандармен ынтымақтастық адамға ерікті жан болуға кедергі жасайды. Адамның адамға сыйластығы құлшылық айналымына ауысады, онда бағыну сатысынан өзге ешнәрсе қалмайды, онда, ең ақырында, біз өзіміздің әрекеттену нұсқамыз ретіндегі сыйластықты таба алмай қаламыз, себебі біз адамды оның биік көріністерінен айырамыз. Бұған қарама қарсы мағынада «Сад әлемінің орталығы», Морис Бланшоның айтуынша, «өз­өзін шексіз жоққа шығару арқылы орнықтыратын еріктілік талабынан тұрады». Тоқтауы жоқ еріктілік ең жүгенсіз іңкәрлік мүмкін болатын бос кеңістікті ашады, онда қосалқы құлшыныстарға орын жоқ: бәрінен бөлек нұсқада ар­ұятсыз бедірейген батылдық бізді әдетте оларсыз бір бірімізге төзе алмайтын сыйластық белгілерінен, еркелету міндетінен босатады. Мұндай көкжиектердің бізді кәдуілгі өмірден алыстататыны сонша, боран құбылысының жарық күннен, немесе, бұлтты аспанның көңілсіздігінен алшақтығын елестеткендей. Іс жүзінде бізде біздің көсемпаздығымыз жүзеге асатындай жерге апара алатын күш молшылығы жоқ. Нақты еріктілік, ол үнсіз халықтарға қанша астамшыл көрінсе де, өзінің ең нашар сәттерінде бізге Сад романдарында ашылатын құмарлық аласапыранынан темен тұрады. Садтың өзінде, әрине, ол өзі суреттеген биік ахуалға қажет күш те, өжеттілік те болған жоқ. Морис Бланшо Сад апатия деп атаған барлық өзгесіне билік ететін осы ахуалдың сипаттамасын берді: «Апатия, еріктілікті таңдаған адамға қатысты жоққа шығару рухы. Белгілі мөлшерде бұл қуат көзі және оның қағидасы. Сад былай ойлайтын секілді: қазіргі тұлға белгілі күш жиынтығына ие; көбінесе ол Өзгелер, Құдай, Идеал деп аталатын шартты нәрселерге бағыттап өз күшін шашыратады; осылайша шашыраңқылық жасағанда, ол қателік жібереді, себебі, оларды шексіз шығындап, ол өз мүмкіндіктерін тәмамдайды, бірақ, оның онан да зор қате жіберетіні, оның өз тәртібі негізі ретінде әлсіздікті алға тартатынында, себебі ол өзін өзгелер үшін жұмсаса, оларға сүйенем деген ниетте. Бұл кесірлі қайшылық: ол күштерін бостан босқа ысыраптап әлсізденеді, және оның күштерін ысыраптай беретіні, өзін әлсіз санағандығында. Бірақ шынайы адам өз жалғыздығы туралы біледі және осы ахуалды қабылдайды. О л он жеті ғасыр қорқақтық мұрасы ретінде оны өзі емес өзгелермен қатыстыратын барлық нәрсені жоққа шығарады; мысалы, аяушылық, ризашылық, сүйіспеншілік сынды барлық сезімдерді ол жояды, оларды жойғасын ол осы әлсіздендіретін ұсынысқа жұмсалатын күштерді жинап алады, және, ең маңыздысы, осы жою жұмысынан ол нағыз қуат көзін табады. Іс жүзінде, әрине, апатияның «масылдық күнәһарларды» жоюмен ғана шектелмей, сонымен қатар, кез келген құмарлықтың еріктен тыс серпініне қарсы тұра алатындығында екенін ұғынған жөн. Бір сәттік нәпсіге берілген азғын адам өлімге кесілген бейдауадан несі кем? Тіпті, құбыжық болуға туған асқан қабілетті мәжігүндердің өзін алапат апат күтіп түр. Садтың ойы: құмарды қуатқа айналдыру үшін, отан міндетті түрде сезімсіздік сәтін қосу керек, сонда ол ең биік дәрежеге көтеріледі. Клервиль Жюльеттаның өмір баспалдағы басында оны ылғи да мінейді: ол тек көңілденгенде ғана қылмыс жасауға қабілетті, тек құмарлықтан өкшеленіп қана ол қылмыс шырағын жатады. Ол үшін нәпсіқұмарлық, құштарлық алауы бәрінен де биік. Қауіпті қамсыздық… Салқынқанды қылмыс екілену халінде жасалған жәй қылмыстан артық. Керісінше, «сезім сөлсізденген» жағдайында жасалған қылмыс, тұнжыр һәм жасырын қылмыс, ең биік мағынаға ие, себебі, бұл өз ішінде бәрін жойып, орасан зор күш жинаған көңіл әрекеті, және ол өзі дайындаған жаппай жою құлшынысымен теңеседі. Тек ләззатпен ғана ғұмыр кешетін ұлы азғындардың ұлы болатыны, олар өздеріндегі ләззаттануға барлық қабілетін тыйған. Бұлардың ғаламат азғындыққа берілетіні де содан, болмаса олар кәдуілгі құмарлықтың қарапайым көріністерінен ғана қанағаттанар еді. Бірақ бұл адамдар сезімсізге айналды: олар өздері жойған сезімділігі мойындамайтын сезімсіздігіне ләззаттанатын іспетті, және сол арқылы қатыгезденеді. Қатыгездік күйретпелі қопарылысқа айналатын шектен тыс дәрежеге жеткізілген өз­өзінді жоққа шығару ғана, сезімсіздік бар өзегінің тітіркенісіне айналады. Сад айтады: «көңіл ләззаты әлсіздіктен мың есе құдіретті өзгеше бір апатияға келеді».

Читайте также:  РУХОЛЛА ӘЛИ МУСАВИ ӘЛ ХОМЕЙНИДІҢ ИСЛАМ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ

Оставить комментарий