ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ

Опубликовано Август 4, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Күнделікті өзгермелі технологиялық ортадағы журналистиканың тағдырын түсіну үшін біз ең алдымен «журналистика» мағынасын түсінуіміз қажет. Аллан (2006) журналистиканың көптеген конвенцияларынан құралған Интернеттегі қызмет формасының бірі ретінде блогқа сілтеме жасай келе, журналистика өзіне жеткілікті тұрақты конвенциялардан тұрады, алайда блогтар тәжірибелі журналистиканың негізгі қағидалары ретінде саналуы да, саналмауы да мүмкін. Алайда, журналистика нақты бір технологияға байланысты емес, бірақ жаңа технологияларды әдетте осы тәжірибеге туған қауіп ретінде қарастыру қалыптасқан. Журналистика тек академиялық мүдде тұрғысынан маңызды емес, ол тәжірибе тұрғысынан да маңыздылығы басты мәселе. Мысалы, күннен-күнге «журналист» атағына ие болғысы келетін қарапайым адамдар көбеюде, осыған орай, журналист дегеніміз кім және оның қандай айырмашылығы бар деген өзекті мәселеге айналуда. Журналистика өте жалпылама сипатқа ие болғанда оның анықтамасын айыру күрделі. Мысалы, Singer (2003: 144) журналистерді «ақпарат (есептер) жинайтын және оны кең аудиторияға тарату үшін нақты және маңызды ақпарат алу үрдісін жүргізетін адам» деп анықтама береді. Бірақ, бұл журналистика тәжірибесінің толығымен ашып түсіндіріп беретін нақты анықтама деуге келмейді. Эндрю Марр (2004: 9) журналистика тарихының маркасы Даниэль Дефо дейді, ол он сегізінші ғасырдың басында Марр үшін журналистика тарихындағы ең маңызды тұлға болды, ол «ең алғашқылардың бірі болып өз көзімен көрді, сенді. Ол өз құлағымен естігісі келді … (ол) саяхатқа шықты және бар көрген-түйгенін жазды, сұхбаттасты. Алайда, Марр Дефоны репортер ретінде – яғни журналист, ерекше тұлға ретінде таниды. Репортерлердің мұндай рөлі бүгінгі таңда да маңызды. Дэвид Рэндалл «The Universal Journalist» атты еңбегінде: «Журналистиканың басты кейіпкерлері – репортерлер. Ақпарат табу үшін олар не істемейді. Олар біріншіден, қазір түсініксіз жағдайда, жабық тәртіпте, кей кездері ақиқатқа қол жеткізу үшін тәуекелдік жасайды. Егер олар мұны жасамаса, басқа кім? Редакторлар? Комментаторлар? Журналистерге тек ғана бір балама бар: ол биліктік нұсқаны қабылдау». (Randall, 2000: 1). ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ 32 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Журналистиканың заманауи талаптары Осылайша, журналистер журналистика саласы бойынша нақты тапсырманы басқа журналистік формаға байланысты орындайды деген дәлел бар. Ал, егер осы сипаттаманы репортерлер анықтаса, журналист дегеніміз кім? Карен Сандерс (2003: 9) әдебиет пен журналистиканың айырмашылығын қарастыра келе, журналистика ерекше деп есептейді, себебі, онда өзгелер үшін дайындаған ақпаратқа, оқиға әлеміне сыртқы сілтеме бар. Дегенмен, бұл журналистиканы анықтайтын жай ғана «әлемдік оқиғаларға сілтеме» емес, себебі, тарихшылар, көсемсөзшілер және әлеуметтанушылар де осындай бағдармен жазады. Майкл Шадсонның пікірінше (2001: 159) журналистиканы ерекшелендіретін презентациялық немесе стилистикалық элемент бар – бұл ақпарат таратудың ерекше тәсілі; бұл «тек ғана … проза стилі емес, бұл проза қалай жазылуы керек екеніне бағыт беретін және жазба сай болмаған жағдайда талқылауды қамтамасыз ететін адамгершілік ықпалы бар саналы артикуляциялық ереже». Біз бәлкім осылардың барлығын Г.Стюарт Адамстың (1993) анықтамасымен бірге журналистика тәжірибесі анықтамасын жазуға қолданамыз. Оның ұсынысы бойынша: Алғашқы анықтама былай болуы мүмкін: Журналистика қазір және дәл осы уақытта болып жатқан оқиға мен идеяларды бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау және түсіндіру үшін қолданылатын жеткізу формасы немесе өнертабыс болып табылады. Бұл анықтамада 5 элемент бар: 1) өнертабыс ретінде жеткізу формасы; 2) идеялар мен оқиғаларды хабарлау; 3) оларға түсінік беру; 4) көпшілікке жариялау; және 5) қазір және дәл осы уақытта. (Адам, 1993: 11). Адам үшін журналистика дегеніміз «Журналистік Қиял» деп атайтын дәстүрлі тәжірибе, «қазір және дәл осы уақытта қоғамдық сананы қалыптастыру және кодтау тәжірибесінің негізгі әдісі. Оның қағидалары әрбір журналисте және әрбір журналистік ұйымдарда шамасына қарай тұрақты» (Адам, 1993: 45). Адам мұнда қоғамдастық түсінігін араластырады. Қоғамдастықпен бірге журналист интерфейсі осы себепті журналистиканың тексерілген қағидалары екеніне кепілдік беруі керек. Сонымен, журналистика тек жазу стилі емес, қоғамдастықты құрай- тын азаматтарға қатысты айтылатын тәсіл. Билл Ковач және Том Розенштиль The Elements of Journalism басылымында журналистика тәжірибесі «азаматтардың еркін сезінулері үшін талап етілетін тәуелсіз, сенімді, нақты, жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етулері керек деп сендіреді». (Kovach and Rozentiel, 2003: 11). Олар бұл үшін журналистің азаматтарға ақиқатты айтуға, ақпараттың шынайылығын тексеруге, тәуелсіздікке, өз күшін бақылауға, қоғамдық сын айтуға форумды қамтамасыз етуге, мүдделі және өзекті, тепе-теңдікті ұстау секілді нақты міндеттемелерін ұсынады. (Kovach and Rozentiel, 2003: 13). Тағы бірде Ковач (2005), «Журналистика бізді тек ақпараттандырып қоймайды – журналистика бізді азамат ретінде біздің өмірімізді қалыптастыратын билік көздерін реттеуге және қадағалауға, біздің дауысымызды камера арқылы биліктің естуіне мүмкіндік береді. Журналист Джон Ллойд (2004) мұндай кемшіліктер журналистік стандарттары айтарлықтай төмендеген бұқаралық ақпарат құралдарындағы маңызды мәселені көрсетеді. Ллойдтың пікірінше, фактіні әділ жеткізу қажеттілігі ауысты», себебі, қазіргі саяси партиялар бір-біріне өте жақын болып келе жатыр. Осының нәтижесі ретінде «Жаңалықтар мен комментариилердің бөлінуі сақталмайды және комментарий жазу жалпыға айналды» және газеттер «моралдық және басқа да пайымдаулар енетін репортажға басымдылық берді» (Lloyd, 2004: 16). Біз Интернет-журналистиканың негізінде ұсынылғандардың көпшілігі тек белгілі бір медиа арқылы өтетін журналистикамен шектелмейді. Олар журналистика тәжірибесін қалай бар солай қабылдайды. Десек те, Ллойд және басқаларының сыны кәсіби журналистиканың либералистік тұжырымдамасына негізделеді. Бұған қарсы пікірдегі сыни теоретиктер «кәсіби» журналистика гегемонистік әлемтануға сәйкес әлемнің әлеуметтік құрылымы бойынша идеологиялық рөлге ие деп есептейді. Стюарт Холл және басқаларының еңбегі (1978) және Glasgow Media Group (1976) демонстарциядағы алғашқылардың бірі болды, Glasgow Group «жаңалық табиғи өнім болып есептелмейді. Олар үшін мәдени жасандылық; бұл біздің қоғамның мәдени басымдылық болжамдарындағы дайындалған әлеуметтік хабрламалар». Бұл Халл және әріптестерінің көзқарасына сәйкес «қуатты және артықшылыққа ие институционалдық ұстанымдардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігі бойынша жүйелі құрылымдауда өтеді. Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық институционалдық тәртіптегі символикалық билік құрылымдарына әділ және бейтарап (Hall және басқалары 1978:. 58). «Нейтралитетті алдын ала болжауды» либералдық жоққа шығару журналистердің нақты өзін-өзі түсінуінен байқалады, яғни Марк Деуздің жазғанындай (2005a), ‘Журналистиканың кәсіби идеологиясы» немесе «Олдридж бен ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №1/1 (37). 2015 33 Мысаева Қ.Н. Иветстің пікіріндегідей (2003: 547) «қуатты кәсіби мифология». Бұл журналистердің өзін-өзі түсінуі яғни толық оқиғаны айтудың қажеті жоқ. Бұл пікірге қарсы басымдылық танытатын журналистиканың либералдық формасы, мұнда ғасырлар бойы радикалдық журналистика дәстүрі сақталған. Джеймс Карран (2003) осы дәстүрді құжаттандыруға қатысты ең маңызды ғылыми сауал жүргізді. Журналистиканың бұл дәстүрі тек әлсіздер жағында ғана болған жоқ, сонымен бірге әңгімелесу, кекесінді және әдепсіз тон тенденциясы байқалды. Журналистиканың бұл түрі зерттеу журналистикасымен тығыз байланысты және «мынадай факт» деп жай ғана баяндаудан гөрі белсенді, бәсекелес журналистиканы талап етеді. Марқұм болып кеткен Пол Фут секілді насихаттық журналистика өкілдері мәселе, оқиғаны таңдау және жазу арысында нақты бір ұстаныммен қандай бір тарапқа қолдауын білдірген. Мысалы, британдық журналист Мартин Белл әлісіздерді жақтаушы «мүдделік журналистикаға» шақырды. Мұндай тәсілдер бір тарапты жақтап, екіншісінен бас тарту журналистік қағидаға жатпайды. Керісінше, насихаттық журналистердің дәлелі өте әлсіздер жайлы мәселелерді қамтып, ескішілдікті жақтайтын журналистер назарын аудару. Пильгер (2004) американдық журналист Т.Д. Аллманның насихаттық журналистика фактіні «объективті» жеткізуде байқалмайтын қате түсініктерді қалай түзететіні жайлы жазбасына сілтеме жасайды: «шынайы объективті журналистика тек фактіні тікелей алып қоймайды, сонымен қатар, оқиға мазмұнын да тікелей ала алады». Осылайша, журналистиканың рөлі ресми өтірікке арналған қорған ретіндегі жалпы теріс пайдаланудан объективтілікті «Қорғау» болып табылады (Pilger, 2005: XIV). Сонымен, журналист кампаниясы объективтіліктен бас тартпайды, бірақ басқа журналистердің объективтілігімен бәсекелеседі. АҚШ журналисі және Қоғамдық дәлдік Институтының негізін қалаушы Норман Соломон (2006) Associate Press-тің «Нашар тамақтану жыл сайын 5,6 миллион баланың өліміне себепші болады» деген «объективті» ақпаратына былай жауап береді: Біз сапалы журналистиканы бейтарап болуға шақырдық, яғни кәсіби журналист өз жұмысын үгіт-насихатсыз орындауы тиіс. Алайда, аса зиянды басымдылықтарға енжар қарау шын мәнінде алғанда үгіт-насихат болып есептеледі. Мұны философ Герберт Маркузе бұған дейін, 40 жыл бұрын айтқан болатын: егер диктор еңбекшілерді азаптау және олардың адамдық құқықтарының бұзылуы жайлы ақпаратты қорлар рыногы немесе ауа-райы туралы ақпаратты оқуда қолданған тонмен оқыса.. мұндай объективтілік жалған, сонымен қоса, бұл адамзатты қорлау және шындыққа қарсылық …. кіналаудан бас тарта отырып фактіні кәналау (Маркузе, 1969: 98). Бірнеше ғалымдар журналистиканың нақты нормаларының белгілі бір АҚШ секілді мемлекеттерде жасалуы барысындағы мәдени контексінің орталығын қарастырды (Шиллер, 1981; Шадсон, 2001). АҚШ тәжірибесімен салыстырғанда Ұлыбританияның өзгешелігі мұнда журналистік норманың объективтілігі газет журналистерінен емес, телевидение журналистері арқылы көрінді. Ұлыбритания мен АҚШ-тан тыс Халлин және Папатанасополиус (2002) бүгінгі таңда оңтүстік Еуропа мен Латын Америка журналистері олардың үгіт-насихат дәстүрін сақтап қалғанын ескертеді. Олардың пікірінше, «кәсіби бейтараптықтың Ағылшын-Американдық моделінен өзгешелігі оңтүстік Еуропа мен Латын Америка журналистері комментарийді жеке саяси көзқарастан тыс көрсетуге тырысады «(Hallin және Papa than as sopoulos, 2002: 177), сонымен қоса бейтарап кәсібилік идеалдарын ашық қолдайды. Италияда баспасөз 1990 жылдардың ортасына дейін өздерінің саяси партиялармен байланысын үзген жоқ, ал, телевидениеде өзгерістер болды. Жан Чалаби (1996) жоғарыда айтылғандарға ұқсас «объективті» журналистика дегеніміз – Ағылшын-Американдық модел деген дәлел келтіреді. Ол заманауи журналистиканың айқын тәжірибесі қыңыр, комментарийге толы Еуропа журналистикасымен салыстырғанда факті бойынша сұхбат жүргізу немесе мақала жазу алғаш АҚШ-та пайда болғанын ерекше атап өтеді. Сонымен қоса, ол журналистиканың Ағылшын- Американдық нормасы әлемнің түкпір-түкпірінде қолданылады. Әлемдік журналистік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат ұйымдарының тәртіп кодексі және этикалық кодекстерінен ағылшын- американдық тәртіптің басым екенін байқаймыз. «Аль-Жазира», «Катар» телевизиялық жаңалықтар станциясының этикалық кодексі журналистерден «әділдік, батырлық, шынайылық, баланс, тәуелсіздік, абырой және әр түрлілік секілді журналистикалық құндылықтарды сақтауды, кәсіби қағидалардан тыс коммерциялық немесе саяси басымдылыққа жол бермеуін» талап етеді. Олар «біржақты немесе теріс пікірлерсіз шынайы көзқарастар мен пікірлерге» және алыпсатарлық бен үгіт-насихатты болдырмау үшін жаңалықтар мен материал, пікір және тал­ 34 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Журналистиканың заманауи талаптары дау арасындағы ерекшеліктерді анықтай білуі тиіс». Сонымен қатар, мінез-құлық кодекстеріне жүргізілген зерттеулер бойынша Индия, Малайзия, Ұлыбритания, Катар, Ресей және Индонезия сияқты әр түрлі елдерде журналистердің іс-әрекетіне қатысты түсініктерінде нақты ұқсастықтар бар екені анықталды. Әрине, журналистиканың ағылшын-американдық моделін Ұлыбритания мен АҚШ-та ұстанбайтын жағдайлар да кездеседі және кейбір негізгі қағидалар ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді. Мысалы Малайзияда әдеттегі бейтараптылық пен ақиқаттан басқа Журналистика құралдары Малайзия Баспасөз Институтының Рукуннегара (Rukunegara) қағидасын ұстануды (Малайзия мемлекетінің негізі) талап етеді, бұған ұлттық дамуға үлес қосу және «әлеуметтік мораль» қағидаларын сақтау кіреді. Индияның Баспасөз Кеңесі Журналистік мінез-құлықтың жалпы нормасы мемлекет пен қоғам мүддесіне қауіп тудыратын кез-келген ақпарат, жаңалықтар мен комментарийлерге қатысты журналистік жаттығуларда сабырлылық және сақтық қажет екенін ерекше бөліп айтады». Индонезияда Тәуелсіз Журналистер Альянсінің Этика Кодексінде «Журналист әдепсіздік, қатігездік, дене немесе жеңсікқұмарлық секілді тақырыптарды графикалық бейнелейтін жаңалықтарды ұсынбайды».

Оставить комментарий

Загрузка...