ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАНУ

Қазіргі таңда еліміз бойынша және әлем елдері арасында отын-энергетика ресурстарын үнемдеу және қоршаған ортаның ластануын азайту сияқты екі маңызды мәселе 101 түр. Миллиондаған қуаты аз қазандықтарда және жеке ошақтарда көмірді, газды және мүнай өнімдерін қисапсыз қолдану салдарынан органикалық отын қорының таусылу жағдайы және шығынның күрт артуы белең алуда. Сонымен қатар, әлемдегі елдер мен қалалардың экологиялық жағдайы төмендеу үстінде және атмосфераға көптеген қауіпті заттар шығарылуда [1]. Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудің ең тиімді жолдарының бірі экологиялық таза дәстүрлі емес қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану болып табылады. Оларға ең бірінші топырақта, су қоймаларында және ауада жиналған күн энергиясы жатады. Алайда, осы аталған жылу көздерінің төмен температуралық потенциалы мен әрекеттердің тізбегі олардың энергиясын тікелей ғимаратты жылытуға мүмкіндік бермейді және ол үшін энергияны өңдеу қажет. Жылу энергиясын төмен температуралы энергия тасымалдағыштан жоғары температуралы энергия тасымалдағышқа айналдыру үшін жылу сорғылары қолданылады. Жылу сорғылары дәстүрлі емес қайта жаңартылатын энергия көздері мен екінші деңгейлі энергетикалық ресурстардың төмен потенциалды энергиясын қолдану арқылы жылу энергиясын өндіреді [2]. Жылу сорғысы — қоршаған ортада жиналған энергияны (топырақ, су қоймасы және ауа) жылыту (жылыту, ыстық сумен жабдықтау, бассейндерді жылыту) және салқындату (салқындықты қамтамасыз ету, салқындату) үшін қолдануға мүмкіндік беретін қүрылғы [3]. Жинақталған жылу энергиясын алуға мүмкіндік беретін табиғи жылу көздерінің үш түрі бар: 1) топырақ (жердің жылуы); 2) су қоймалары мен өзендер (судың жылуы); 3) ауа. Жылу сорғыларының мынандай артықшылықтары бар: 1. Тиімділігі. — Жылу сорғысы ПӘК-нің жоғары болуы энергия түтыну көлемінің төмендігіне әкеледі және жүмсалған 1 кВт электр энергиясынан 3-7 кВт жылу энергиясын алуға болады. — Үйдің қолайлы температурасын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар ыстық судың жеткілікті қорын алу үшін жүйе аз мөлшерде электр энергиясын қажет етеді. — Жүйе толығымен үзақ мерзімді; топырақты пайдаланудың мерзімі 100-150 жылға жетеді; жылыту контурының пайдалану мерзімі — 100 жыл. — Қүрылғының тікелей жалғыз қозғалатын бөлігі компрессор болып табылады. — Қүрылғының жарамдылық мерзімі 15 жыл және пайдалану мерзімі аяқталған соң оны оңай ауыстыруға болады. — Сатып алу, тасымалдау, отынды сақтау және ақша шығыны қажет емес. — Бу қазандары, кіріс жолдары және отын қоймасы үшін арналған орындар аумағының айтарлықтай бос болады. — Жабдықтардың өзін-өзі ақтауы 7 — 10 жылыту мерзімінен аспайды. — Қолайлылығы. — Жылу сорғысы түрақты жүмыс атқарады. — Температураның ауытқуы және бөлменің ылғалдылығы аз болады. — Суды және жылутасымалдағышты жылытатын жердегі бөлмеге арнайы желдеткіштің қажеті жоқ — Жарылысқа және өртке қауіпсіз. — Жүйені пайдалану кезінде арнайы қызмет түрін қажет етпейді, орындалатын әрекеттер арнайы дағдыларды қажет етпейді және ол нүсқауда жазылады. — Жүйені интернет желісі арқылы қашықтықтан тексеруге және өзгерістер енгізуге болады. — Мерзімдік техникалық тексеріс және жүмыс режимін үдайы қадағалау кезінде қүрылғыға қызмет көрсету орындалады. 3. Дизайны. 102 — Жылу сорғысы бөлменің ішкі көрінісінің түтастығын және ғимарат қасбетінің концепциясын бүзбайды. — Жүйе аз ғана кеңістікті алады. — 4. Экологиясы. — Жылыту мен салқындатудың экологиялық таза әдісі қолданылады. Өйткені, азон қабатының бүзылуына және қышқыл жаңбырлардың түзілуіне әкелетін CO2, NOХ және басқа да заттардың түзілу эмиссиясы болмайды. — Бөлмеде аллергиялы-қауіпті шығатын заттар болмайды. Өйткені, жанатын отын жоқ және тыйым салынған хладоагенттер қолданылмайды. — Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз. Алайда, аталған технология танымал әрі келешегі бар технология болса да, Германия, АҚШ, Жапония және т.б. дамыған елдердегі сияқты Қазақстанда айтарлықтай таралған жоқ. Аталған технологияның дамуын тежейтін факторлардың біріне төмен потенциалды жылу көзін алуға байланысты жүмыстар жатады. Әртүрлі климаттық жағдайларға, геологиялық және гидрогеологиялық ізденіс деректерінің жетіспеуіне немесе толық жоқтығына, бүрғылау және басқа да жүмыс түрлеріне кететін үлкен материалдық шығындарға байланысты жылу энергиясын алудың қолданыстағы тәсілдері бүл технологияның қүнын айтарлықтай қымбаттатып жібереді. Сондықтан да жылу энергиясын алудың тиімді, арзанға түсетін әдістерін табу бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады. Біздің үсынып отырған әдісіміз арнайы қүрылғының көмегімен төмен потенциалды жылу көзін алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар аталған технологияның конструкциясы қарапайым, жасауға және пайдалануға қомақты қаржы салуды қажет етпейді. Жылу сорғысы қүрылғысы буландырғыштың жылуалмастырғышынан, компрессордан, конденсатордың жылуалмастырғышынан, дроссель клапанынан және центрден айналатын қүйынды қүрылғыдан түрады. Жылу сорғысы қүрылғысы келесі түрде жүмыс жасайды. Центрден айналатын сорғыны іске қосқан кезде сүйықтық (су) арынмен қүйынды қүрылғыға беріледі, қарқынды қозғалыстың гидродинамикалық процесінің әсерінен сүйықтық жылиды және буландырғыштың жылуалмастырғышына түседі. Содан кейін жылу сорғысының жүмыстық денесі (хладон) буландырғышта төмен потенциалдың жылу көзінің жылуын өзіне алып, қайнай бастайды және электр немесе басқа қозғалтқыш арқылы компрессорда сығыла отырып, конденсатор-жылуалмастырғышқа түседі, бүл жерде аса жоғары температурада және жоғары қысымда булануда шыққан жылуын жылу алушыға (жылу жүйесінің жылу тасымалдағышына) бере отырып, конденсацияланады. Дроссельді клапан арқылы конденсаторда жүмыс денесі қайтадан буландырғышқа түседі, бүл жерде оның қысымы төмендейді және қайтадан қайнау процесі басталады. Жылу сорғысының үсынып отырған тәсіл бойынша жүмысының принципі төмендегі 1-суретте көрсетілген. 103 1-сурет. Жылу сорғысы жүмысының схемасы 1 — буландырғыш; 2 — конденсатор; 3 — компрессор; 4 — дроссель; 5 — электрқозғалтқыш; 6 — фреонды контур; 7 — түтынушының су контуры; 8 — жылу көзінің су контуры Қазіргі кезде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҮУ-де осы тәсілді жүзеге асыру үшін тәжірибелік модельді дайындау және жылу сорғысымен бірлестіріп нақты объектіде эксперименттік тәжірибелер жасау жүмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу сорғысы жүмысының аталған тәсіліне 23.07.2010 жылы №2010/0960.1 тапсырыс бойынша өнертапқыштыққа инновациялық патент беру қорытындысы алынды. Әдебиеттер: 1. Тепловые насосы. применение в жилых зданиях для отопления, горячего водоснабжения, кондиционирования и вентиляции. http://esco-ecosys.narod.ru/2010_2/art214.zip 2. Тепловые насосы. Принцип действия и сферы применения// Экологические системы, № 6, 2005, С.20-24 3. А.В.Попов. Анализ эффективности раз

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar