Жылыжайдағы қызанақтың аурулары мен зиянкестері

Көкөніс дақылдары теплицалар мен парниктерде және басқа жылы жайларда жасанды климатта өсіріледі. Егіс даласымен салыстырғанда мұнда ауа мен топырақтың температурасы және ылғалдылығы әдетте жоғары әдетте жоғары және топырақтың құрамы оған түсетін жарық та өзгеше болады. Мұнда арнайы жағдайлар мен осы дақылдардың басқа дақылдармен алмастырмай өсірлуі зиянды организмдердің көптеген түрлерінің жаппай көбейіп, қорлана беруіне мүмкіншілік тудырады. Жылы жайларда өсірілетін көкеніс дақылдары зиянкестер мен аурулардың фаунасы: ашық алаңдарда үнемі кездесетін қолайлы жағдайда еніп кететін кәдімгі жергілікті түрлер (капуста шыбыны, крестігүлділердің бүргелері, бұзаубас, қара шегірткелер, сымқұрттар, жалаңаш шырыштар, бітелердің бірқатар түрлері, темекі трипсісі, өрмекші кенелер және т.б. түрлер) ал аурулардың әкелінген, жылы жайларды мекендеуге бейімделген жылу сүйгіш түрлер (теплица ақ қанаты, беріш нематодалары және т.б.) [1].

Жылы жайларда өсірілетін көкеніс дақылдарырын зақымдауға маманданған зиянкестердің барлығының ауыз аппараты шаншып-сорғыш, полифагтар және көбею потенциалы жоғары дәрежеге көтерілген поливольтинді түрлер. Мұндай ерекшеліктерінде олардың жылы жай жағдайында (температура мен ылғалдылықтың жоғары болуы, дақылдардың ұзақ уақыт, кейде жыл бойы, үздіксіз өсірілуі) олардың қарқынды түрде жаппай өсіп-өнуіне көбеюіне мүмкіншілік тудырады [2]. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құрылымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде есіреді [3].

Читайте также:  Раушан гүлі (роза) туралы мәлімет

Қызанақ – алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салмағы 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. 2016-2017 жылдар аралығында жылы жайдағы қызанақ аурулардың түр құрамы анықталды. Аурудың таралу дәрежесін жалпылама әдістемелік нұсқаулармен анықталды. Онда қызанақ кептірілген жинақтамасы жасалып, аурулардың түрлері, таралуы, қоздырғыштары фитопотологиялық, микологиялық әдістері арқылы анықталды. Жылдық мониторингтік сараптама бойынша аурудың пайда болуы және таралуы қызанақтың гүлдеу және сүттену кезеңінде жоғарғы көрсеткішке жеткен. Жылы жайда шоғырланған аурулар өсімдіктің залалдану дәрежесіне байланысты анықталады. Ол үшін сабақ, жапырақ бетіндегі бөртпелер мен әр түрлі формалы, көлемді дақтардың таралуы пайыздық көрсеткішпен анықталады. Кейбір аурулардың сандық есебін бір стандартқа келтіру үшін оларға жеке есептеу шкаласы шығарылған. Талдаудағы өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарының залалдануын осы шкаламен салыстыру арқылы анықтайды.

Жылы жайларда өсірілетін көкеніс дақылдары зиянкестер мен аурулардың фаунасы: ашық алаңдарда үнемі кездесетін қолайлы жағдайда еніп кететін кәдімгі жергілікті түрлер (капуста шыбыны, крестігүлділердің бүргелері, бұзаубас, қара шегірткелер, сымқұрттар, жалаңаш шырыштар, бітелердің бірқатар түрлері, темекі трипсісі, өрмекші кенелер және т.б. түрлер) ал аурулардың әкелінген, жылы жайларды мекендеуге бейімделген жылу сүйгіш түрлер (теплица ақ қанаты, беріш нематодалары және т.б.). Жылы жайларда өсірілетін көкеніс дақылдарырын зақымдауға маманданған зиянкестердің барлығының ауыз аппараты шаншып-сорғыш, полифагтар және көбею потенциалы жоғары дәрежеге көтерілген поливольтинді түрлер. Мұндай ерекшеліктерінде олардың жылы жай жағдайында (температура мен ылғалдылықтың жоғары болуы, дақылдардың ұзақ уақыт, кейде жыл бойы, үздіксіз өсірілуі) олардың қарқынды түрде жаппай өсіп-өнуіне көбеюіне мүмкіншілік тудырады. Зерттеулер нәтижесі бойынша жалған ақұнтақ, пероноспороз – дерт зақымдалған мүшелердің бетінде конидиялар мен конидия тасымалдаушылардан құралған ақшылт-сұр дақтардың пайда болуымен сипатталады. Ауыл шаруашылыққа ең үлкен экономикалық зардап әкелетіндері – пияз, қызылша, орамжапырақ пен темекінің жалған ақұнтағы. Аурудың қоздырғыштары – пероноспора (Peronospora), плазмопара (Plasmopara), псевдопероноспора (Pseudo-peronospora) тұқымдастарының саңырауқұлақтары.

Читайте также:  Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті мен қызметі

Ақ ұнтақ көкөніс және бақша дақылдарында кең таралған аурулардың бірі болып саналады. Биылғы жылы аурудың дамуы қияр, сәбіз, қауын, қарбыз егістіктерінде оңтүстік аймақта және Индер және Қызылқоға аудандарында (Атырау облысы) байқалды. Ақ ұнтақ жапырақ бетінде ақ өңез түрінде пайда болды. Онымен залалданған қауын суармалы егістік алқабында көп зақым көреді. Залалданған өсімдікте жапырақтары кеуіп қалады, өнімділігі төмендейді, жемістің сапасы нашарлайды, соның әсерінен онда қанттың құрамы төмендейді.дақылдың өсу кезеңінің соңында жапырақтың залалдануы 0,01-7% шамасында болды. Таралуы 0,01-11%, дамуы 0,6-3,5%-ды құрады. Жалған ақұнтақ, пероноспороз – дерт зақымдалған мүшелердің бетінде конидиялар мен конидия тасымалдаушылардан құралған ақшылт-сұр дақтардың пайда болуымен сипатталады. Ауыл шаруашылыққа ең үлкен экономикалық зардап әкелетіндері – пияз, қызылша, орамжапырақ пен темекінің жалған ақұнтағы. Аурудың қоздырғыштары – пероноспора (Peronospora), плазмопара (Plasmopara), псевдопероноспора (Pseudoperonospora) тұқымдастарының саңырауқұлақтары. Бактериозы ауру қызанақ және басқа бақша дақылдарында таралды. Аурудың бірінші белгілері гүлдеу фазасында, маусым айының бірінші онкүндігінде анықталды. Барлық өндіріс алқаптарында және жеке секторда өсімдіктің залалдануы төменнен жоғары деңгейге дейін байқалды. Бактериоз ауруының қарқынды дамуы көбіне қалың себілген алқаптарда анықталды.

Бітелер өте тез дамиды. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында 15 ұрпаққа дейін береді. Алғашқы ұрпақтарының ұрғашылары қанатсыз, ал кейінгі ұрпақтарда олармен қатар, жан-жаққа ұшып таралатын, қанатты ұрғашы бітелер де болады. Жаздың аяқ кезінде бітенің популяциясында ұрғашыларымен қатар еркектері де пайда болып, олар шағылысқаннан кейін ұрғашылары қыстап қалатын жұмыртқаларды салады. Ал ауа райы салқын және нөсер жаңбырлы болған кездерде олардың өсіп-өніп көбеюі едәуір тежеледі. Бітелердің жаппай көбеюін тежеп, сан мөлшерін едәуір дәрежеде азайтып тұратын факторлардың ішінде энтомофагтардың да, әсіресе кокцинеллидтер мен алтын көзділердің маңызы өте зор Бақтың өрмекші кенесі Көктемде олар ашылып келе жатқан бүршіктерге өрмелеп барып, оларды сорып қоректенуге кіріседі. Кейінірек олар алма және басқа жеміс ағаштары жапырақтарының астыңғы бетін мекендейді. Сол жерде ұрғашы кенелер жапырақ шырынын сорып, өсіп – өніп көбейеді. Әрбір ұрғашы кененің салатын жұмыртқаларының саны 60 жетеді. Кенелер өте тез көбейеді, бір жаз ішінде 10 ұрпаққа дейін береді. Зақымданған жапырақтар қоңыр түске айналып, мерзімінен бұрын түсіп қалады. Ақ қанаттылардың өздері және олардың дернәсілдері жапырақтың шырынын сорып және оны денелерінен бөлініп шығатын желім тәрізді сұйықтық заттармен ластап, қатты зиян келтіреді. Зақымдалған жапырақтарды күйе саңырауқұлағы мекендеп, ауруға шалдығады. Нәтижесінде жапырақтары мерзімінен бұрын түсіп қалады да, өсімдік әлсіреп, түсімі төмендейді. Беріш нематодалар — өсімдіктердің 300 аса түрлерімен қоректене алатын көп қоректі жәндіктер. Жылы жайда олар әсіресе қызанақ пен қиярды қатты зақымдайды.

Читайте также:  Құрлықтық моллюскілер (ұлулар)

Оставить комментарий