Ұжымдық зият ретіндегі мәдениет және жасанды зерде мәселелері

Баяндамада семиотикалық мәдениеттану бойынша және олардың жасанды зияттылық мәселесіндегі алатын мәні жөніндегі қазіргі зерттеулердің қорытындысы қарастырылады. Мәдениеттің семиотикалық құрылымын ұжымдық зерде механизмі ретінде қарастыру және «мәдениет есін» талдау, сол секілді жаңа ақпаратты жасап шығару механизмдерін қарастыру, бір жағынан, мәдениет пен жекелік зият, екінші жағынан, жасанды ойланатын құрылғының арасында қос қатарлылықты қалыптастыруға жағдай жасайды. 1. Мәдениетті бірыңғай семиотикалық механизм ретінде қарастыру одан зияттық тұрпаттағы зерзатты көруге мүмкіндік береді. Тұтастық ретіндегі мәдениет ұжымдық ес пен бағытты ұстанымдағы жаңа тілдердің ұстанымды түрдегі жаңа мәліметтерін өңдейтін механизмдерді, яғни жаңа идеяларды жасап шығарушы ерекше аппаратқа ие. Бұл сапалардың жиынтығы мәдениетті ұжымдық зият ретінде қарастыруға жағдай жасайды. 1.1. Ұжымдық және жекелік зият арақатынасы зерттелмеген мәселені ғана емес, сонымен бірге әлі толық көлемде қойылмаған мәселені құрайды. Мұнда ұжымдық зият жекелікке (тарихи емес, құрылымды түрдегі) қатысты қосалқы екендігін және оның бар екенін білдіретіндігін айтып өту керек. Олардың ұйымындағы терең материалды айырмашылықтар айқын изоморфизм қызметімен бір уақытта салғастыру міндетін өте жемісті етеді, өйткені зиятты іс­әрекет түсінігін әзірлеу барысында бізге нақтылы берілген оның іске асуынан бөлектене және қызметтік үлгіге дейін жалпылана алады. 1.2. Соңғы жағдай жасанды зият мәселесі жағдайында керемет маңыздылық алады. Ізделіп отырған жасанды зиятпен салыстыру мүмкіндігі бірде­бір табиғи зерзатты — жеке тұлға зияттылығы, — ал енді екі материалды әртектілік, бірақ қызметі жағынан біртекті зерзат, төмендегі сұрақтарға айқындылық әкелуге көмектеседі: зиятты іс әрекеттің мәнін не құрайды, олардың бізге таныс формалардың орнына нені санау керек, соған сәйкес, ойланатын ретінде анықталған құрылғыға не тән болуы мүмкін. 1.2.1. Ұжымдық зияттылықтың жасанды зият үшін үлгі ретінде жекелікпен салыстырғанда бірқатар артықшылық жағы бар екендігін айта кетуіміз керек. Адамзат тарихы жасап шығарған құрылғыны ұсынған кезде ол көбірек айқындала түседі, адам миының жасырын тілдерінен айырмашылығы оның механизмдері мәдениет тілінде айқындалады және көптеген мәтіндермен бекітілген. Мұның алдындағы мәдениетті зерттеу барысында зор материал жинақталды, ол сәйкес пайымдалған жағдайда ерекше қызықты зиятты ­ мнемоникалық механизмдерін аша алады. 1.2.2. Адамзат мәдениеті тарихындағы белгілі бір кезеңдер мен құбылыстар ашықтан­ ашық өзіндік ауытқу сипатына ие бола отырып, мәдениетті зияттық ретінде анықтауға қайшылықта болып көрінуі мүмкін. Осыған байланысты «ақылдан адасу» қабілеті зияттың жақсы жұмыс белгісі болып табылатынын көрсетуге болады. Бұл жағдайда ойланатын құрылғыны зерделі мінез­құлыққа балама ретінде ессіз мінез­құлықтық әлуеттік мүмкіндігіне ие деп анықтауға болады және осы стратегиялар арасындағы іріктеулерді өзі іске асырады. Негізінен «ақылынан адаса алмайтын» құрылғы зиятты ретінде мойындала алмайды. Бұл жағдайда мәдениет іс­әрекетіндегі өзіндік ауытқу сәттерінің ең кең мән мәтінде мәдениеттің дәйекті дерегі («тарих — ақылдан адасқанның аутобиографиясы») 38 ретінде ессіздік тақырыбын тудыруы, теріске шығармайды, керісінше ұжымдық зерде механизмі ретіндегі мәдениет анықтамасын тосын пікірде растайды. 2. Семиотикалық мәдениеттану тұрғысынан зиятты актінің мәні. 2.1. Жалпыға бірдей қабылданған зиятты мінез­құлық анықтамасы болмайды. «Зерделі» және «адам тәріздес» (Тьюринг зиятты реакциялар ретінде анықтауда адамның ұзақ қарым­ қатынасынан кейін адамдікінен айыра алмайтынды есептегендігі белгілі болатын 39 ) түсініктері тең ретінде қабылдана алмайды, өйткені оған себеп, бұл жағдайда зерденің кейбір нақтылы формасындағы кемшіліктерді оның ажырағысыз сапа деңгейіне көтеру қаупі бар. Кейбір жұмыстарда зердеден әр түрлі қабілеттер мен машықтылықтарды көретіндіктен, оны анықтаудан тіптен бас тарту қағидасы байқалады, олардың бірі де зердеге бөлектенген ерекшелікте бола алмайды. «Онысыз зияттың бола алмайтын ең болмағанда бір нәрсесін табу» әрекетінен бас тарту, бұл жағдайда бір қадам алға ретінде қабылданады. 40 Жасанды зиятты үлгілегенде біз бұл жағдайда ертегі кейіпкерінің күйінде боламыз, оған бұйрық берілген: «Бар, қайда екені белгісіз, әкел, не екені белгісіз», бірақ жеке зиятты тәріздес операциялардың жасанды үлгілері ең ақыр аяғында біртұтас зердеге бірігетіндігіне ешқандай сенімділік болмағаннан кейін мұнымен де келісу қиын. Егер де зерденің көпсіздік және жалпыға түсінікті анықтамасына назар аударуға тәуекел етсек, онда, аяққы жағдайда, түбегейлі түрде өзгерген мінез­құлық шарттарын (шарттар дегенде, олар үшін берілген субъектінің санасында шифрларды оқи алатын таптаурын болмайды және барынша қарапайым операциялар жолы арқылы оның варианты ретіндегі осындай таптаурынға көтеріле алмайды) іске асыру қабілеттілігіне келіп тіреледі, ол бір уақытта жаңа және мақсатқа сәйкес болар еді. Егер бұл талаптарды семиотика тіліне аударсақ, тілдегі мәтінді шифрлеп оқуға көнетін жаңа жағдайды көз алдымызға әкелсек, ол шифрді ашып оқи алатын адамға белгісіз, онда міндетті жаңа тілдерді жасау қабілеттілігі ретінде тұжырымдауға болар еді. Мақсатқа сәйкес және сол уақытта жаңа мінез­құлық жаңа және дұрыс мәтіндерді сомдау ретінде пайымдалады. 2.2. Осыған байланысты жаңа мәтіндердің (хабарлардың) табиғаты жөніндегі сұрақ ерекше мәнге ие болады. Жаңа мәтіннің астарынан бастапқымен сәйкес келмейтін және онан әдеттегідей алынып тасталмайтын хабарды түсінеміз. Соған сәйкес барлық дұрыс (яғни белгілі бір күні бұрын берілген ережелерге сәйкес іске асқан) бастапқы мәтіннің өзгеруі жаңа хабарлар жасай алмайды, өйткені бастапқы мәтін және оның кез­келген дұрыс өзгертілуі, шын мәнінде, бір және сол хабар ретінде қарастырыла алады. Соған байланысты «жаңа» және «дұрыс» мәтін түсініктері арасында қайшылық пайда болады. Алайда жаңа мәтін (мысалы, кейбір мінез­құлық) өзгерген жағдаяттармен тиімді байланыста болғанда дұрыс болуға тиіс. Бұл жағдайда оның негізінде жаңа ережелер тұжырымдалып, ол болашақта әбден заңды ретінде көріне алады, қайсыбір берілген тілдердің аумағында дұрыс болмаған, ал кейбір жаңа енді пайда болып жатқан тілдің аумағында дұрыс және пайдалы болатын мәтіндердің жасалуын пайымдауға болар еді. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, зияттылық сапасына үміткер кез­келген құрылғы, мәтінді қуаттандыратын сондай механизмге ие болуға тиіс, ол белгілі бір буында кеңейтіп ашу кезінде бір мәнді ұйғаруға көнбейтін, яғни қайсыбір және одан кейін кері бағытта жүйелі өзгертуге итермелеген кезде, бастапқы хабарды қайта жасауға көнбес еді.

Читайте также:  Мәдениеттер арасындағы қарым-қатынас

Оставить комментарий