Өзін-өзі бақылау туралы

Өзінен бірдеңені байқау (animadvertere) дегеніміз — әлі өзін-өзі бақылау (observare) емес. Соңғысы біздің өз — өзімізден байқағанымызды жүйелі түрде салыстыру болып табылады, ол өзін-өзі бақылаған адамның күнделігіне материал береді де, оп-оңай әуесқойлықпен қиялилыққа апарып соғады. Адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде өзіңе назар аударту (attentio) қажет болса да, ол көзге түспеуге тиіс, әйтпесе қымсынуға (ыңғайсыздануға) не аффектацияға (күйгелектікке) апарып соғады. Осы екеуіне қарама-қарсы да саналы түрде білмесек, олардың бізде бар екенін қалайша білеміз? — Осы сөзді кезінде түсініктердің ондай түрлерінің барын жоққа шығарған Локк та айтқан болатын. — Біз түсінігімізді тікелей білмесек те, жанама түрде оның бар екендігін біле аламыз. — Оңдай түсініктер көмескі түсініктер деп аталады; қалғандары айқын болады, ал оларға кіретін жартылай түсініктер де айқын болған жағдайда, олар ойдан туған бола ма, әлде сезуден туған бола ма, бәрібір, олар анық түсініктер деп аталады. Егер мен өзімнен қашық жердегі көгалдағы бір адамды көріп тұрғанымды түсінсем, оның көзін, мұрнын, аузын және т.б. көріп тұрғаным туралы ойламасам да, көріп тұрған нәрсенің адам екендігі туралы ғана қорытынды жасаймын; себебі егер мен бастағы көзді, мұрынды және т.б. (және де осы адамның басқа да дене мүшелерін) көріп тұрғаным туралы ойламағандықтан, менің ой — сезімдерімде адам туралы түсінігім жоқ дегім келсе, онда мен адамды көріп тұрмын дей алмас едім, себебі осы бөлшек түсініктерден бүтін (адамның басы не тұтас адам) құралады емес пе. Біздің санамызбен сараламағанымызбен, бізде бар деп сеніммен айта алатын сезімдік андау мен түсініктеріміз, яғни адамдардың (сонымен қатар хайуандардың) көмескі түсініктерінің [сферасының] шексіздігі, ал айқын түсініктер оның сана алдында ашық тұрған саны шексіз аз нүктелерін ғана қамтитындығы; біздің жан-дүниеміздің үлкен картасында оның аздаған ғана жерлері көрсетілген деуге бола — бөлуге болады. Біріншісі — пайымды ұғыну, екіншісі — ішкі сезім; біріншісі — таза, ал екіншісі — эмпирикалық апперцепция; онда біріншісі ішкі сезім деп қате аталады. — Психологияда біз өзімізді өзіміздің ішкі сезім түсініктері бойынша, ал логикада интеллектуалдық сана не берсе, сол бойынша зерттейміз. — Бұл жерде Мен екі жақты болып көрінеді (бұл қарама-қайшылық болар еді): 1) таза апперцепцияны білдіретін ойлау субъектісі ретіндегі Мен (логикада) (таза рефлексиялайтын Мен), және де ол туралы біз басқа ештеңе айта алмаймыз, себебі бұл өте қарапайым түсінік; 2) қабылдаудың ішкі тәжірибені мүмкін ететін әралуан анықтамаларды жинақтаған ішкі сезім объектісі ретіндегі Мен. Адам өзінің жан-дүниесінің (өзінің есте сақтау қабілетінің немесе қабылдаған принциптерінің әртүрлі ішкі өзгерістері барысында, сол өзгерістерді ұғынған жағдайда, өзін (жан-дүниесіне қатысты) дәл сол бір адам деп атай ала ма деген сұрақ орынсыз, себебі адам өзін әртүрлі жағдайларда сол бір субъект ретінде түсінетіндіктен ғана сол өзгерістерді ұғынады. Адамның Мені түрі жағынан (түсінік түзу жолы бойынша) екіжақты болғанымен, бірақ ол материясы (мазмұны) жағынан екіжақты емес. Мұндағы, — бұл жағдай бізді өз жан-дүниемізге таң қалдырады; себебі егер де қандай да бір құдіретті күш: жарық болсын! — десе, біздің ешбір көмегіміз сіз — ақ көзіміз әлемнің жартысын көргендей болар еді (егер біз, мысалға, жадындағы барын жайып салған жазушыны алған сияқты). Бізге көздің телескоп арқылы (мысалы, айдан) немесе микроскоп арқылы (инфузориялардан) көрсеткеннің бәрін біз тек өз көзімізбен көреміз, себебі бұл оптикалық құралдар көзге күннің жаңа сәулелерін және олардан туындаған бейнелерді әкеп көрсетпейді, олар осы жасанды құралдарсыз — ақ біздің шағылысқан нәрселерді біздің санамызға жеткізу үшін, тек анағұрлым үлкейтіп көрсетеді. — Музыкант он саусағы мен екі аяғының көмегімен органда импровизация жасай отырып, қасында тұрған адаммен сөйлесіп отырған кездегі есту сезімдері туралы да осыны айтуға болар еді; бұл жағдайда бірнеше сәт ішінде ғана жан-дүниеңде көптеген бейне пайда болады, және де олардың әрқайсысын тандап алу үшін, оның қажеттігі туралы ерекше түсінік қажет болады, себебі бір саусақтың үйлесімсіз соғуы сол сәтте-ақ диссонанс болып қабылданар еді, ал жалпы алғанда, импровизация жасап отырған музыкант сәтті орындалған пьесаның кейбір жерлерін нота белгілерінде қалдырғысы келгендей көрінеді, бәлкім, басқа уақытта ол қанша тырысса да, дәл осындай жақсы ойнай алмас та еді. Сонымен, адамның көмескі түсініктерінің өрісі бәрінен кең. — Бірақ ол түсініктер өздерінің пассивті жағынан сездер ойыны ретінде ғана қабылданатындықтан, олар туралы теория бұл жерде біз айналысып отырған прагматикалық антропологияға емес, физиологиялық антропологияға жатады. Біз көбінесе өзіміздің көмескі түсініктерімізбен ойнап, жақсы көретін не жек көретін нәрселерімізді қиялымыздың көлеңкелегенін қалаймыз; бірақ көбінесе біздің өзіміз көмескі түсініктердің ойынына айналамыз да, біздің пайымымыз осы түсініктердің әсері әкелген қисынсыз нәрселерден, оларды алдамшы деп есептегеніне қарамастан, арыла алмайтын болады.

Читайте также:  Эпостың тарихилығы

Оставить комментарий