Зиярат ету салтындағы «айналу жоралғысы»

М. Сенбі Бабырдың жазбаларындағы оның Дели (Үндістан) маңындағы Шейх­Низам­ әулие мен Қожа Құтпы­ад­диннің мазарларын айналу жоралғысын (айналмақ) жасағандығы жөніндегі мәлімет келтіре отырып, мұндағы ғұрыптың мән­мағынасын былайша түсіндіреді: «Осындай айналудың мәні жай ғана әулиеге деген құрметін білдіру емес (бұл — ғұрып семантикасының екінті (вторичный) қабаты), өмірден өткен даңқты әулиелердің батасын алып, шапағатын иелену тілек­пейілінде жатыр» 1313 . Бұл жерде де айналмақты кескіндеп көрсетуге болады: кіндік нүкте — әулиенің мазары, әулиенің қадір­қасиеті, батасы, межелік нүкте ­ осы қадір­қасиет пен батаны алуды мүмкін ететін сыртқы, аралық инстанция. Межелік­нүктеден өту барысында айналушы сол нүктенің қадір­қасиетін (шапағатын) алмайды, өйткені, бұл нүкте — бар болғаны кіндік нүктенің эманациясы, сыртқы көресіні ғана; ол өз қасиетін емес, кіндік нүктенің қасиетін уақытша түрде ғана айналушыға беруге мүмкіндік беретін инстация ғана.

Читайте также:  Қазақ заңдары туралы алғашқы ізденіс

Оставить комментарий