Зияткерлік ойындарды сатылап үйрету

Тоғызқұмалақ ойынының әзірге 2 түрін ойнау мүмкіндігі барын ескере отырып, ойыншы топтарын былайша деңгейлеп үйрету мен ойнату ұсынылады: 1­топ: 4­12 аралығы; 2­топ: 12 жастан жоғары. 1­топ үшін бестем (бестемше – тарихи жағынан бұл ойынның нақты осылай аталғандығы турасында әзірге мәлімет көмескі, 4­5 жастағы бала тіліне ыңғайлы болуы үшін әрі «бестемше» сөзінің түбірі болғандықтан, бұдан әрі осылай атауды жөн санадық) ойынын ойнату тиімді, өйткені, бұл барынша жеңіл әрі ережесі қарапайым, 12 жасқа дейінгі балаларға арифметиканың 4 амалын меңгерумен бірге белгілі бір логикалық дағдыларды сіңіруге итермелеу әлеуеті жеткілікті. Бестем ойынының отау саны бесеу және тоғызқұмалақтағыдай тұздық жариялау ережесі жоқ. 2­топ үшін тоғызқұмалақ ойыны лайық болмақ. Өйткені, 12 жастағы өспірімдер мен одан ересектерде ойлау дағдысы қалыптасып, барынша күрделі ойлау өнеріне икемді физиологиялық мүмкіндік жеткілікті.

Читайте также:  Еуропалық Одақтың Оңтүстік Жерорта аймағымен сауда қатынастары

Оставить комментарий